Серік Шәпкенов Қосшағыл тұрғындарымен кездесті (+ВИДЕО, ФОТО)

295271200 5378030458917166 2667979459371109705 n ФОТОГАЛЕРЕЯ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов 22 шілде күні жұмыс сапарымен Жылыой ауданына  барып, жұртшылықпен кездесті. Тұрғындардың көкейінде жүрген мәселелерді тыңдап, азаматтарды жеке сұрақтары бойынша да қабылдады. Оның барысы әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ – АЛДЫҢҒЫ КЕЗЕКТЕ

Алдымен, аймақ басшысы Қосшағыл ауылының тұрғындарымен кездесті. Жасалған жұмыстарды саралап, алдағы жоспармен бөлісті.

– Қосшағыл ауылішілік автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Оған бюджеттен қаражат бөлініп, «Казкомсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мердігер мекеме болып танылды, – деген ол жол мәселесі ең алдымен шешілетінін жеткізді. Өйткені, кез келген жол – қозғалыстың, тыныс-тіршіліктің белгісі ғана емес, бұл – экономиканың күретамыры екенін алға тартты.

Осыдан соң өңір басшысы ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қосшағылдықтар негізінен әлеуметтік мәселелерді көтерді. Әсіресе, азық-түлік бағасының қымбаттауы мен жұмыспен қамту жайы өте өзекті. Өз кезегінде Серік Жамбылұлы аталған мәселелер заң аясында шешімін табатындығына сендірді.

Бұдан бөлек, облыс әкімі отызға жуық азаматты жеке сұрақтары бойынша  қабылдады. Айта кетейік, Қосшағыл ауылында 4 мыңға жуық халық тұрады. Мұнда мектеп, балабақша, амбулаториялық емхана, полиция бөлімшесі және өзге де әлеуметтік нысандар бар.

ҚҰЛСАРЫНЫҢ КҮЙІ ҚАШҚАН…

Содан кейін Серік Шәпкенов аудан орталығы – Құлсары қаласындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Солардың бірі – «Игілік» бағдарламасы аясында салынып жатқан 75 орындық типтік ауруханының құрылыс барысымен танысты. Қазір құрылыс жұмыстарының 76 пайызы аяқталған. Мердігер мекеме оны осы жылдың соңында пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, аймақ басшысы осындағы апаттық үйлерді де аралап өтті. Бүгінде екі қабатты, 60 пәтерлік жеті үйде 56 отбасы тұрып жатыр. Қазір Жылыой ауданында «NCOC» компаниясының демеушілігімен  жаңадан тұрғын үйлер салынуда.  Аудан әкімдігі апаттық үйлердің тұрғындарын осы баспаналарға көшіруді ойластырып отыр.

Жұмыстан босағандар жерде қалмайды

Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы аудан тұрғындарының қатысуымен жиын өткізіп, өңірдің кешенді жоспары аясында қолға алынатын нақты жобаларға тоқталды. Содан соң тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Жылыой жұрты әлеуметтік мәселелерден бөлек, экологияның күн санап нашарлауы, жастарды қолдаудың жетіспеушілігі, жергілікті тұрғындарға арналған мәдени-рухани шаралардың аздығы және басқа да көптеген мәселелерді көтерді. Әсіресе, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мердігер мекемелеріне қатысты сауалдар көп қойылды. Осы орайда, Серік Жамбылұлы жақында ғана өңірге іссапармен келген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеновамен бірлесе атқарылатын алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті. Соның ішінде, «ТШО» компаниясының мердігерлік ұйымдарында жұмыстан босатылғандарды жұмыспен қамту жайы біртіндеп шешілетінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың табысын арттыру бойынша нақты тапсырмалар берген болатын. Ендеше алдымызда «Теңізшевройл» мен оның мердігер мекемелерінен жоспарлы түрде босатылған азаматтарға жаңа жұмыс орындарын тауып беру міндеті тұр. Осы мақсатта аталған кмопания, жауапты министрлік және облыстық әкімдік бірлескен нақты іс-шаралар жоспары жөніндегі меморандумға қол қойды. Соған сәйкес, алдағы уақытта жұмыссыз қалған азаматтарды жаңа қызмекте орналастыру, бұл үшін оларды қайта оқыту курстарынан өткізу және басқа да бірқатар кешенді жұмыстар атқарылатын  болады» деді әкім.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ВИДЕО:

https://www.facebook.com/AkimatAtyrau/videos/579932827040607

295314425 5378030462250499 5047860660568833142 n
295327201 5378030482250497 745724064003408750 n
295013157 5378030468917165 2909285339402156615 n
zhyloi 2
zhyloi 3
zhyloi 4
zhyloi 5
zhyloi 6
zhyloi 7
zhyloi 8
zhyloi 9
zhyloi 10
zhyloi 11
zhyloi 14
zhyloi 17
zhyloi 19
zhyloi 22
zhyloi1 2
zhyloi1 4
zhyloi1 5
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз