Жарнама
Қоғам

ЖАБЫРҚАУ КӨҢІЛДЕРГЕ – ЖАН ЖЫЛУЫ

Жуырда облыс әкімінің мүгедектердің мәселелері жөніндегі кеңесшісі, облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Манап Абдрахманов ауданға келгенде осы бағыттағы көптеген жайлар жан-жақты сөз болды.
Атқарылған жұмыстарға қарамастан облыста мүгедектер қатары жылдан- жылға артып келеді екен. 2010 жылы 13 мыңды құраса, биыл ол 18 мыңға жетіп жығылған. Осы ретте аудандағы қамқорлық жасаушылардың алдыңғы легінде жеке кәсіпкер «Ахметов», «ИСИ Гипс Индер» ЖШС сынды кәсіпорындардың барлығы да аталып өтілді.
Басқосуда «Жасұлан» базарының меңгерушісі С.Изтелеуов мүгедек жандарға қолдау көрсетіп, аяқ киім жөндеушіге арнайы орын беретіндігін айтса, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Мусағали мүмкіндігі шектеулі балалар, жалғызбасты қарттар мен мүгедектердің үйлеріне тазалық жұмыстарын жүргізуде «тимуршылардың» маңызы жоғары екендігін алға тартты.

Сүйеу ХАЛЫҚОВ,
Индер ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button