
“Атырау барысы» анықталды! (+ФОТО)
Сұңғат Закарияев алтыншы мәрте “Атырау барысы» атанды.
Бұл туралы облыстық ДШС басқармасының баспасөз қызметінен білдік. 5 мамыр күні “Атырау” спорт кешенінде Астана күніне орай ұйымдастырылған қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне Атырау облыстық іріктеу сайыстары өтті.Атырау қаласы және аудандардан 16 балуан өзара мықтыны анықтады. Жарыстың ашылу салтанатында Дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері мен спорт мамандары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
“Атырау барысы 2022” атағына қызылқоғалық балуан Закарияев Сұңғат ие болды. Сұңғат осымен алтыншы мәрте облыста үздік атанып отыр.Екінші орынға Атырау қаласының өкілі Байбосынов Нұржан ие болса, мақаттық Сапарғалиев Әділет үздік үштікті қорытындылады. Жарыс жеңімпаздарына арнайы чемиондық белдік пен қаржылай сыйақы табыс етілді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ





