Атыраулық жас баскетболшылар – 5 дүркін ел чемпионы атанды!

275505916 3261923054028063 4265266179161700158 n Жаңалықтар

Атыраулық жас баскетболшылар Қазақстан чемпионатының 5 дүркін жеңімпазы атанды.

4-9 наурыз күндері Щучинск қаласында баскетболдан 2005-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында көктемгі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Саламат Тургаев бастаған Атырау облысы құрамасы осымен бесінші мәрте ел біріншілігінің үздігі атанды.

Іріктеу кезеңінде атыраулық команда үш ойында да айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Нұр-Сұлтан командасын 68-37, БҚО 66-37 және Ақтөбе командасын 64-48 есебімен тізе бүкітрді.

Жартылай финалда жерлестеріміз Алматы командасын 64-48 есебімен, ал финалда Ақтөбе облысы командасын 45-38 есебімен ұтты. Чемпионат қорытындысы бойынша Мұхажанов Ахан «ең үздік» ойыншы атанды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

275432850 3261923050694730 2975716239069688298 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз