«Nur Otan» – нақты істер партиясы (+ФОТО)

131975230 3853558588028214 246237542730772501 n Жаңалықтар

Атырау қалалық мәслихаты депутатына үміткерлер Жеңіс Әбілқарес, Ринат Ғилажев және Әділбек Зайдуллин «Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында сайлаушылармен кездесті.

«Есіктен-есікке» акциясы барысында аталған топ партия ардагері Серік Баймұқашев пен еңбек ардагері Ұлдай Әйтішевамен кездесті.

«Nur Otan» партиясының өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыру, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, әлеуметтік мәселелердің тиімді шешілуін көздейтін сан салалы бағдарламасын таныстырған кандидаттар ардагерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, батасын алды.

«Nur Otan» партиясы көздеген межелі міндеттерді саралап, бекітілген іс-шаралар жоспарын жария еткен кандидаттар нақты міндеттер аясында жүзеге асуы тиіс жұмыстардың бірнеше саланы қамтығанын атап өтті. Ұлт саулығы, әлеуметтік тақырыптар, білім, медицина, экономика бағыттарындағы жұмыс жоспарлары кезең-кезеңімен жүзеге асып, партия ұстанған бағытты одан ары жандандырып, жалғай түспек.

Сайлаушылар «Nur Otan» партиясының негізгі ұстанымдарын толықтай қолдайтыныны жеткізіп, сайлау күні бірауыздан дауыс берушілер қатарынан табылатындарын атап өтті.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

131974108 3853558444694895 8244400022322477821 n
131890805 3853558968028176 1293053776809870446 n
131977392 3853558828028190 9003840037533871129 n
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз