Мәдениет

Елемес МАҒАЗОВ: «ТЫҢДАРМАНЫ БАР ҰЛТТЫҚ ӨНЕР СҰРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ»

Батыстың дәстүрлі ән мектебі, соның ішінде Мұхит, Ғарифолла мақамдарының ізін жалғап жүрген атыраулық әнші-сазгер, ҚР Мәдениет қайраткері, республикалық сал-серілер байқауының лауреаты Елемес Мағазовтың шығармашылық кеші облыстық Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтті.
Алпысқа тарта әннің авторы атанған сазгердің осы кеште жиырмаға тарта әні орындалды. Қайсарлыққа, кейде нәзік лирикаға толы, енді бірде әзіл-оспаққа құрылған әндерінің шығу тарихы кімді де болсын қызықтырғандай. Шығармашылық кештен соң әндерінің шығу тарихы, өнер туралы әнші-сазгердің өзімен тілдескен едік.

Читать далее »

ОН САУСАҒЫНАН ӨНЕР ТӨККЕНДЕР

Облыстық халық шығармашылығы орталығы «Халық өнері – асыл қазына» атты облыс көлеміндегі қолөнер шеберлерінің басын қосып, түрлі аталымдар бойынша байқау ұйымдастырды.

Байқау қатынасушыларының жасына шектеу қойылмаған. Сол себепті жас та, жасамыс та осы жерден табылып, өз өнерін паш етті. Махамбет ауданынан келген Райхан Қабдыкаримованың жасы 66-да. Дәстүрлі текемет теру мен сырмақтың дайындалу әдісін көрсеткен шебер өмірлік мол тәжірибесімен бөлісті. «Бір кездері осы өнерім біздің отбасын толықтай асырады, жеке кәсібімді аштым. Алайда, қазір барлығын сатып алуға болатын заман жеткен шақта, мал шаруашылығына ден қойдым. Бұл қазір қолым қалт еткендегі ермегім болып қалды.

Читать далее »

АУЫЛҒА РУХАНИ НҰР ТӨККЕН

«Алға» халық театрының құрылғанына – 40 жыл
Алпысыншы жылдардың басында облысымыздың әр ауылында халықтық театрлар құрыла бастағанын аға буын ұмытпаған шығар. Бүгінде сол театрлардың бар екенін көпшілік білмейтіні де анық. Қырық жыл бойы қоғамдық негізде жұмыс жасаған театрлардың әлі де жоғалмай, сол күйінде сақталып жұмыс жасап келетініне таңдануға болады. Солардың бірі кезінде бүкілодақтық байқаудың лауреаты атанып, кеңес үкіметі елдері театрлары қатарынан суырылып алға шыққан «Алға» театры еді.

Читать далее »

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ БАСҚОСУ

Облыстық қарттар мен мүгедектердің интернат үйінде Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне орай шара өтті. Интернат қызметкері Ханнат Төлесінова Елбасы және Қазақ елі тәуелсіздігі туралы әсерлі әңгіме айтты.
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің мүшелері Құрманғазының «Балбырауын», «Адай» күйлерін тамылжыта шертсе, әнші Айнаш Забихова Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші даусы», Нартайдың «Сырнайлым», Сүгірдің «Әпитөк» әндерін нақышына келтіре орындап берді.
Тасқала селосының Тауман Амандосов атындағы орта мектеп директоры Мүслима Базарбаева оқушыларды бастап келіп, олардың өнерін тамашалатса, қала тұрғыны Сәуле Қайыржанова өз атынан мерекелік дастархан мәзірін тарту етті. Осылайша аталып өткен Тұңғыш Президент күнін әрбір қарт естерінде ұзақ сақтайтын болады. Ал, 85 жастағы Рахметолла Ізтелеуов қария көтеріңкі көңіл сыйлаған жанның баршасына үлкендер атынан ақ батасын берді.

Читать далее »

«КӨРІНГЕН СОНАДАЙДАН НАРЫН ЕДІ…»

Атырауда Мекес Төрешов атындағы II аймақтық дәстүрлі әнші-термешілер байқауы өтуде
Кеше Атырауда ҚР еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Мекес Төрешов атындағы «Көрінген сонадайдан Нарын еді...» атты II дәстүрлі әнші-термешілердің аймақтық байқауы басталды.

Читать далее »

ӘН – ҒҰМЫР

«Біздің бәріміз де Парламент депутаты бола аламыз, бірақ, ешқайсысымыз да өнер адамы бола алмаймыз. Сондықтан да, өнер адамы біздің емес, біз өнер адамының қолынан сүйеміз». Бұл - Ататүріктің айтқаны. Алып-қосары жоқ, айқын да, түсінікті емес пе? Бүгінгі әңгіме өзегі – сондай өнер тарланы, Батыс Қазақстан өлкесіндегі әншілік мектептің ұлы ұстазы – Мұхит салдың үлгі-өнегесімен, ән нұсқаларының інжу-маржан дерлік бай мұрасын әлемдік деңгейге көтерген Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтың ізін басқан жарқын талант иесі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Мекес Төрешов хақында.

Читать далее »

МЕКЕСТІҢ ӘНІ

қазақтың  дәстүрлі  әншілік

өнерінің  жарқын  жалғасы  еді

Қазақтың дәстүрлі әншілік өнері сөз болғанда алдымен елiмiздiң батыс өлкесiндегi кәсiби әншiлiк мектептiң негiзiн қалаушы дарабоз өнер иесi Мұхит Мералыұлының (Мұқамбеткерей, 1840-1918жж.) шығармашылығы сөз болады. Мұхит мұрасы – оның қасына ерiп, репертуарын тұтастай алып қалған немерелерi Шынтас пен Шайқы Қаратаевтардан Ғарифолла Құрманғалиевке ауызекi жалғасты. Осындай таланттардан жалғасқан әншiлiк дәстүрдi Ғарифолла Құрманғалиев өз шығармашылығы арқылы насихаттап, 1965 жылы республикалық эстрада-цирк өнерi студиясында ашылған батыс ән мектебi класында тәрбиеленген шәкiрттерiне үйреттi. «Мұхит мақамдары» көптеген таланттардың танылуына себін тигізді. Солардың қатарынан Ғарифолланың алдын көрген әнші Мекес Төрешовті атауға болады.

Читать далее »

«ӘДЕМІ-АЙДЫҢ» ӘСЕМ СЫЙЫ

Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан озық мәдениетімізді жинақтап, сақтап, байытып, келешек ұрпаққа табыстау – бүгінгі күннің басты міндеті. Осыны басты назарда ұстаған ұлттық нақыштағы кәдесыйлар мен зергерлік бұйымдар өндіретін «Әдемі-ай» компаниясы өткеніміз бен бүгінімізді, ертеңімізді бейнелейтін кәдесыйлар топтамасын ұсынып келеді. Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, әлемдік брендке айналдырып үлгерген компания «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында болып, көрме өткізді.

Читать далее »

СИҚЫРЛЫ САУСАҒЫНАН САУЛАҒАН КҮЙ…

Күнделікті әдетпен жұмыс орныма бас сұққан сайын түрлі адамдарды кездестіремін. Әрқайсысы – әрқилы тағдыр иелері. Осылардың арасынан орта бойлы, тұрысы тік, жүрісі жай, үнемі мұнтаздай киінген азамат ылғи да ерекше көрінеді. Жанарына тұнық ой ұялаған бұл отағасының есімі – Жәнібек Ұзақбайұлы. Қызылды-жасылды дүниенің сауық-сайранына өте көп қызыға бермейтін аса сабырлы осы бір жанды әріптестері қатты қадірлеп, мақтан тұтады. Себебі, Жәнібек аға руханияттан еркін сусындаған, өнердің көгінде жарқырай білген тума таланттар қатарынан еді.

Читать далее »