Жарнама
Мәдениет

Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі Павлодар сахнасында өнер көрсетті

Н.Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының Қаршыға Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі гастрольдік сапар аясында Павлодар қаласында «Ұлы дала әуені» атты концерттік бағдарлама ұсынып, шығармаларын тарту етті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Бағдарлама репертуарында Қ.Сағырбаев, Е.Айшуақұлы, М.Өтемісұлы, Ғ.Құрманғалиев, Ш.Қалдаяқов, Н.Тілендиев, Қ.Ахмедияров, Л.Хамиди, Е.Брусиловский, М.Меңкешов сынды танымал композиторлардың шығармалары орындалды.

whatsapp image 2023 11 05 at 09.31.46 3

Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясында өткен концертте Қ.Ахмедияров атындағы «Нарын» халық аспаптар оркестрі, оркестр дирижерлары мен жеке солистер асқан шеберлікпен өнер көрсетіп, павлодарлықтарға керемет көңіл-күй сыйлады.

whatsapp image 2023 11 05 at 09.31.46

Гастрольдік сапар М.Өтемісұлының 220 жылдығы мен Қ.Сағырбайұлының 200 жылдығы сынды мерекелерді республикалық деңгейде атап өту және олардың шығармашылығын кең көлемде насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Сондай-ақ іс-шара екі өңір арасындағы мәдени-рухани ынтымақтастықты арттыруға, қос аймақтың өнер ұжымдары арасында тұрақты әріптестік байланыс орнатуына үлкен үлес қоспақ.

Айта кетейік, бүгінде репертуарында 500-ден аса шығармашылығы бар ұжым Ресей, Корея, Венгрия, Моңғолия сынды мемлекеттердің халықаралық ареналарында еліміздің мәдениеті мен өнерінің танылуына өз үлесін қосуда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button