Сәби оқшауланды: Атырауда үшінші науқас инфекциондық ауруханада жеңілденді

img 20200516 wa0138 COVID-19: Соңғы поштадан...

Аtr.kz/17 мамыр, 2020 жыл.  «Атырауда коронавирус жұқтырған үшінші әйелді дәрігерлер сәтті босандырып алды» деп хабарлайды Атырау облысы Денсалық сақтау басқармасының баспасөз – қызметі.

№2 Атырау облыстық ауруханасында COVID-19-ды жұқтырған үшінші жүкті әйел табиғи жолмен ұл баланы босанды. Жүктіліктің 40 аптасында инфекциялық стационарға келіп түскен  28 жастағы әйел адамды аурухананың білікті дәрігер-инфекционист мамандары босануға дейін үздіксіз бақылады.

«Жүктіліктің 41 аптасында Атырау облыстық перинаталдық орталығының тәжірибелі білікті гинеколог, дәрігер-неонатолог және акушерлік топ құрамы әйел адамды босандырып алды. Жаңа туған нәрестенің салмағы- 3,5  келі, бойы- 55 см. Сәби анасынан оқшауланды. Одан коронавирусқа қатысты талдау нәтижелері алынды. Қорытындысы күтілуде» делінген хабарламада.


«Нәрестенің жағдайы жақсы. Қазір ол инфекциялық стационарда арнайы әзірленген балалардың таза палатасында жатыр. Сәбиді білікті медициналық қызметкерлер үздіксіз қадағалайды. Пациент COVID-19-дан сауығып жазылған кезде ұлымен бірге болады»- дейді №2 Атырау облыстық ауруханасының директоры Махжан Сиджанов.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясын жұқтырған келіншектің жағдайы тұрақты. Ол инфекциялық стационарда емін жалғастыратын болады.

Ал, қауіпті аймақта жанкешті ерлікпен медициналық көмек көрсеткен Атырау облыстық перинаталдық орталықтың мамандарынан да вирусқа талдау алынды. Олар талдау нәтижесі теріс болғанда ғана жұмыстарын жалғастыратын болады.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз