ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ «ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ» АТАҒЫНА ӘБДЕН ЛАЙЫҚ

Elbasy Жаңалықтар


Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Елбасынан бата алған жалынды жастар мұнайлы мекенде баршылық. Солардың бірі – Берік Уап. «Atr.kz» тілшісі елде орын алып жатқан соңғы өзегрістерге қатысты оның да пікірін білген еді.

«Мен Тәуелсіздіктің төл құрдасымын. Еліміздің Тұңғыш Президентімен бір емес бірнеше мәрте кездескен едім. Содан бері өмірім күрт өзгеріп шыға келді. Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылы жеті жасымда бетіне  Қашағанның  қара алтынынын жақты.  «Қазақстанның болашағы үшін! Тәуелсіз еліңнің болашағына адал қызмет ететін абыройлы азамат бол! » деген батасы, мені мұнай-газ әлеміне жетеледі. Сол кездегі Президенттің жастарға артқан сенімі оң әсер етті.

Ұлыбританида білім алып, тәжірибе шыңдадым. Қазір Қашаған кен орнында білікті мұнайшы болып еңбек етемін. Бүгінде жас мұнайшылардың туын көтеріп келемін. Міне, жас қазақстандықтардың қоғамнан өз орындарын тауып, арман-мақсаттарына жетуінде Елбасының ролі айрықша. Сол үшін де Елбасына қандай мақтау сөз айтсақ та жарасады. Әсіресе, ел келешегі саналатын жас буын тәрбиелеп шығарған Нұрсұлтан Әбішұлы «Халық қаһарманы» атағына әбден лайық» дейді ол.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз