200326133534508e

Біргеміз: Отандық компания Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» холдингі Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы блокбекеттерге 25 көлік сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» компаниялар тобы коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі штабтарға 30 автомобиль тапсырды.

Атап айтқанда, елорда блокбекеттеріне – 15, Алматы блокбекеттеріне 10 көлік жеткізілді. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық Денсаулық сақтау басқармасына 5 көлік берілді.

«Күн сайын елдегі жаңалықтарды бақылап отырмыз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз үндеуінде осындай қиын-қыстау кезде ешкім тасада қалмай, өз мүмкіндігінше әрекет ету керектігін айтты. Біз де қарап қалмай коронавирустың алдын алу мақсатында құрылған штаб өкілдеріне 30 көлік жіберуді жөн санадық», – дейді компанияның бас директоры Ерік Сағымбаев.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған