Қазақстанда 4 мамырда жалпыұлттық диктант өтпек

200911134446a3693549d Жаңалықтар

Мамыр айындағы мерекелер мен Жеңіс күні қарсаңында «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант өтеді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Мақсат — ел егемендігі мен Тәуелсіздігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу. Сондай-ақ, мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру да маңызды.

Шараны Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері мен жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады.

«Диктант республика бойынша 4 мамырда ағат 11.00-де өткізіледі. Оны офлайн және онлйн форматта өткізуге болады. Бастысы, өңір тұрғындарының кем дегенде 30 пайызы қамтылуы тиіс. Диктант бағаланбайды» дейді ұйымдастырушылар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз