Президент пандемиямен күресіп жатқан дәрігерлерге ерекше алғыс айтты

Ел жаңалықтары Жаңалықтар

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Бәріміз бірге жұмыла күрессек коронавирусты жеңеміз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт осылай мәлім етті.

«Коронавирусқа шалдыққан екі азаматымыз емделіп, ертең ауруханадан шығады. Жалпы, елдегі эпидемиялық жағдай бақылауда. Бәріміз бірге жұмыла күрессек, індетті жеңеміз. Ең бастысы – уайымдамай, дәрігерлердің талаптарын орындау», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.

ҚР Президенті коронавирус инфекциясымен күресіп жатқан қызметкерлерге алғыс білдірді.

«Халықтың денсаулығы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге, полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге ризашылығымды білдіремін. #Birgemiz!», – деді Президент.

Еске сала кетсек, Қазақстанда екі емделуші коронавирустан жазылған еді.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *