Жаңалықтар

Атыраулық полицейлер 4 жылдан бері із-түссіз жоғалған Өзбекстан азаматын анықтады

Атырауда «Мигрант» іжедел- профилактикалық іс-шарасы өтті.

4 сәуір күні Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 2019 жылдан бері іздеуде жүрген 1975 жылғы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады.

48 жастағы шетелдік 2017 жылы жұмыс бабымен Қазақстан аумағына келіп, 2019 жылы аталған азаматтың туыстары хабарсыз кетуіне байланысты Нүкіс қаласының ішкі істер бөліміне арыз тастап, осылайша із-түссіз жоғалғандар қатарында болған.

Аталған оқиға бойынша Атырау қаласы полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері 48 жастағы шетелдіктің жеке басын анықтай отырып, еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін жинақтауда. Қазіргі уақытта Өзбекстан Республикасының азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button