Қазақстанда қымбат медициналық қызметтерді сақтандыру тарапынан қаржыландыру 42 пайызға ұлғаяды

1 11 Жаңалықтар

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесін іске асыруды ескере отырып, қымбат тұратын медициналық қызметтерді қаржыландыру көлемі 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен 42%-ға ұлғаяды, бұл халық үшін қолжетімділікті едәуір жақсартуы тиіс.

Егер 2021 жылы медициналық сақтандыру қоры 950 мыңға жуық қымбат медициналық қызметті қаржыландыруды жоспарласа, 2025 жылға қарай олардың саны 1 355 мыңға дейін артады.

«Әрбір емхана өзінің бекітілген халқын қымбат қызметтерге бағыттау жөніндегі жоспарларды анықтауы, сондай-ақ, пациенттердің қызметтерді уақтылы алуы үшін маршрутын белгілеуі тиіс. Мерзімі 10 күннен аспауы керек.

Онкологиялық ауруларға күдік туындаған кезде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат тұратын қызметтермен қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры С. Құралбек.

sut bezi obyry kaz
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз