Еріктілер жылына дайынбыз ба?

10reasonsvolunteer Жаңалықтар

Atr.kz/11 ақпан, 2020 жыл. Атырауда «Жастар қозғалысы мен бірлестіктері: шынайылығы мен даму келешегі» атты «дөңгелек үстел» өтті. Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық комитеті ұйымдастырған шарада жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту, екі бағытта атқарылған жұмыстар сараланды.

– Адамның әлеуметтік белсенділігі қоғамның дамуына байланысты негізделген. Жастардың мәселесін шешу әлеуметтік қатынастарды тереңдетуді, әлеуметтік институттармен өзара іс– қимылды талап етеді, – дейді аталмыш партияның жергілікті филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

Сондай-ақ, «дөңгелек үстелде» «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «720-25» бағдарламасы, «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» бағдарламалары қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылғандығы айтылды.

Еріктілік – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймайды. Адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауына мүмкіндік береді. Бұл әр адамның өз қалауымен жүзеге асатын жүректің жұмысы. Ол жанданса, қоғам өркениетке өздігінен-ақ қадам басады.

Гүләлия ИГІЛІКОВА

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/a%d2%9byn-amanaty/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз