Айдынбай – Әлем кубогінің жеңімпазы

ajdynbaj Жаңалықтар

Atr.kz/17 қазан, 2019 жыл. Таяуда Татарстан Республикасының  астанасы Казань қаласында самбо күресінен Татарстан Республикасы Президентінің жүлдесіне арналған әлем кубогі өтті.

Самбо күресінің кіл мықтыларын жинаған «А» санаттағы бұл турнирде 57 келі салмақта атыраулық Айдынбай Қайырберді  боз кілемге шығып, әр кездесуінде қарсыластарынан бір бас жоғары болды.  Жерлесіміз жартылай финалдық белдесуінде армениялық палуан, Әлем және Еуропа чемпионы Тигран Киркосянды 3:1 есебімен тізе бүктірсе,  ақтық сында  тағы бір Әлем және Еуропа чемпионы, ресейлік  Евгений Беглеровті 11:0 есебімен таза ұтты. Осылайша ол Әлем кубогын  және «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері»  атағын иеленді.

Айта кетсек, Айдынбай Қайырберді биылғы жылы Азия чемпионатын, Қазақстан Республикасының чемпионатын, елімізде төрт жылда бір рет өткізілетін Спартакиаданы, Универсиада ойындарын ұттып аймағымыздың абыройын асқақтатқан еді.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз