Атырауда – кондукторсыз автобустар!

Жаңалықтар Қоғам

Atr.kz/4 қараша, 2019 жыл. Атырау-Автопарк әкімшілігі қоғамдық көлікпен жолаушы тасымалдау қызметінің сапасын арттыру мақсатында және халықтан келіп түскен сын-ескертпелерді ескере отырып, ағымдағы жылдың 5 қарашасынан бастап №65 бағытындағы автобустар кондукторсыз қызмет көрсететінін хабарлады.

Осыған орай, автобуста орналастырылған стационарлық аппарат арқылы дербес түрде жолақысын төлеу немесе қолма-қол ақшамен жүргізушіден билет сатып алу сұралады.

Алдымен халыққа жолақысын толеу жүйесін түсіндіру үшін автобуста еріктілер қызмет етеді. Жолақысын төлеуден бас тартатын жолаушыларды анықтап, әкімшілік шара қолданатын қадағалаушылар қызмет атқарады.

Егер бұл жүйе сәтті енгізіліп, жолаушылардан қолдау көрсетілсе, автопарк басшылығы басқа да бағыттағы автобустарға осындай жүйені енгізбек.

Atr-Ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *