Атырау қаласы бойынша «Ең үздік пәтер иелері кооперативі», «Ең жақсы аула», «Таза аула» байқауларының ЕРЕЖЕСІ

Байқау ұйымдастырушылары:

  • Атырау қаласының әкімдігі
  • Атырау қалалық ішкі істер басқармасы
  • Атырау қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы

 

Байқаудың мақсаты:

  • Қаладағы тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын-алу;
  • Қала халқының бойында ұлтжандылық, рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
  • Қала тұрғындарының арасында туған қалаға деген мақтаныш сезімін ояту;
  • Қаланы көгалдандыру мен абаттаныру жұмыстарына, санитарлық тазалықты сақтауға үлес қосып келетін аулаларды анықтау;
  • Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіп ережелерін, санитарлық тазалық нормаларын кеңінен насихаттау.

 

Байқаудың талаптары мен шарттары:

  • Байқауға қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері кооперативі және жеке тұрғын үй иелері фотоматериалдар (10 данадан кем емес) жолдау арқылы қатыса алады.
  • Байқауға жолданатын құжаттар мен фотоматериалдарға қойылатын басты талаптар – фотосуреттің анықтығы, мағыналы болуы, байқауға қойылған талаптардың әдемі жеткізілуі.

«Ең үздік пәтер иелері кооперативі» байқауы. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері кооперативтері қатыса алады.

–        Жыл бойына атқарған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет;

–        Фотоматериалдар.

      «Ең жақсы аула» байқауы. Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері кооперативтері қатыса алады.

–        Фотоматериалдар.

      «Таза аула» байқауы. Қаладағы жеке тұрғын үй иелері қатыса алады.

–        Фотоматериалдар.

  • Байқау ережесінің қосымшасына сәйкес толтырылған сауалнама мен конвертке салынған құжаттар мына мекен-жайға жіберілуі керек: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77а, 1 қабат, 110 бөлме.

 

Байқау жеңімпаздарын анықтау және марапаттау:

  • «Ең үздік пәтер иелері кооперативі»,«Ең жақсы аула», «Таза аула» байқаулары бойынша жеңімпаздарды анықтаудың бірінші кезеңі «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінің atr.kz, pricom.kz интернет-ресурстарында онлайн дауыс беру түрінде жүргізіледі. Байқаудың жеңімпаздары екінші кезеңде онлайн дауыс берудің қорытындысын ескере отырып, қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия отырысында анықталатын болады. Комиссия құрамында 6 адам: Атырау қалалық әкімдігі, қалалық ішкі істер басқармасы, қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасы, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі, қалалық ішкі саясат бөлімі мамандары және тәуелсіз сарапшы.
  • «Ең үздік пәтер иелері кооперативі»,«Ең жақсы аула», «Таза аула» байқаулары бойынша жеңімпаздар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Байқаудың өтетін уақыты мен орны:

  • Байқау 2015 жылдың 1 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында өткізіледі.
  • Келіп түскен фотоматериалдар «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттерінде жарияланатын болады. Байқау қорытындысы қазан айының  4 күні қала күніне орай өтетін салтанатты кеште жарияланатын болады.

 

Байланыс телефоны – 8 7122 32-68-31, 87753700099.

 

 

2015 жыл Атырау қаласының 375 жылдығына орай

«Арман қала – Атырау» тақырыбында

ең үздік эссе, өлең және бейнеролик байқауы өткізіледі.

 

  1. 1.      Байқаудың мақсаты мен міндеті

2015 жыл Атырау қаласының 375 жылдығына орай жастардың туған өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыру, зор құндылықтарды, асқақ армандарды насихаттау, талантты шығармашыл жастарды қолдау және олардың мәдени деңгейлерін көтеру. Қала тарихын, оның қалыптасуын біліп, түсініп, өз ойын көркемдеп жеткізу дағдысын қалыптастырып, шығармашылық бағыттағы қаламдарын ұштау, зерделеуге қызығушылықтарын арттыру арқылы патриоттық тәрбиеге баулу.

  1. 2.      Байқау қатысушылары

Байқауға 14-29 жас аралығындағы барлық санаттағы жастар қатыса алады

  1. 3.      Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

Байқау екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – шығармаларды іріктеу кезеңі;

 Екінші кезең – марапаттау кезеңі.

  1. 4.      Өтініштерді қабылдау уақыты

Байқауға қатысу үшін өтініштер 2015 жыл 1-15 қыркүйегі аралығында тапсырылып болуы тиіс;

Уақытынан кеш түскен өтініштер қабылданбайды.

  1. 5.      Байқаудың шарттары

5.1 Эссе байқауының шарттары:

– Байқауға бұрын жарық көрмеген, біреудің мақаласынан көшірілмеген авторлық мақалалар қабылданады;

– Келіп түскен туындылар әдеби-көркемдік жағы мен тәрбиелік-танымдық мазмұны бойынша бағаланады;

– Эссе көлемі 3 беттен аспауы тиіс, 14 мөлшеріндегі Time New Roman қарпімен теріледі;

-Эсседе қалаға деген сүйіспеншілік, патриотизм, жастардың қаланың өркендеуіне үлес қосуы жөнінде үндеулер көрініс табуы керек.

5.2 Өлең байқауы:

-Байқауға қатысушы ешбір жерде жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады;

-Өлең 3 шумақтан кем болмауы тиіс;

– Өлеңде қалаға деген сүйіспеншілік, патриотизм, жастардың қаланың өркендеуіне үлес қосуы жөнінде үндеулер көрініс табуы керек.

5.3 Бейнеролик байқауының шарттары:

– Әлеуметтік бейнеролик ұйымдастырушыларға электрондық нұсқада (диск немесе флешкада) ұсынылуы тиіс;

– Бейнеролик сапасы жоғары HD форматында және бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

– Байқауға келіп түскен көркем жұмыстар (бейнероликтер) қайтарылмайды;

– Техникалық сапа, креативтілік, айрықшалылығы;

– Бейнероликтің ұзақтығы 3 минут болуы тиіс;

 – Түсірілім 3D графикте, әдемі әуеннің сүйемелдеуімен түнгі және күндізгі қала, қала кеңістік көзімен бағытын қамту керек. Қаланың әсем ғимараттары, көркем табиғаты, өзіндік ерекшеліктері бейнероликте көрініс табу қажет.

 

Ескерту! Үміткерлер тарапынан келіп түскен туындылар ешкімнің ар-намысына тімейтін, қала абыройына нұқсан келтірмейтін болуы тиіс. Қойылған талаптарға сай келмейтін туындылар байқауға қатыстырылмайды!!!

 

6. Байқауға қатысу үшін келесі құжаттар қабылданады:

-үміткердің өтініші;

-жеке куәлігінің көшірмесі;

-қатысушылар туралы қысқаша мәлімет:

  1. Автордың толық аты-жөні
  2. Туған жылы, айы, күні
  3. Жұмыс орны/оқу орны (курсы)
  4. Мекен-жайы
  5. Байланыс телефоны
  6. Шығармашылығы туралы шағын ақпарат.

Байқауға қатысу үшін өтініштер Атырау қалалық ішкі саясат бөлімінде (Атырау қаласы әкімдігі, 1 қабат, 102 каб.) сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Анықтама телефоны: 8(7122)27-10-33, 27-10-28,32-68-31

7.Байқауды қорытындылау және жеңімпазды марапаттау

7.1Байқау қорытындысының өткізілетін күні мен орны қатысушыларға қосымша хабарланатын болады;

7.2 Байқау жеңімпаздары қаржылай, бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.

7.3 Байқау қорытындысы бойынша үш орын тағайындалады:

           

  • Ең үздік эссе байқауы бойынша:

І орын – 100 000 теңге

ІІ орын – 70 000 теңге

ІІІ орын – 50 000 теңге

  • Ең үздік өлең байқауы бойынша:

І орын – 100 000 теңге

ІІ орын – 70 000 теңге

ІІІ орын – 50 000 теңге

  • Ең үздік бейнеролик байқауы бойынша:

І орын – 150 000 теңге

ІІ орын – 100 000 теңге

ІІІ орын – 50 000 теңге

 

 

 

 

 

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз