Атырауда бүкіл халық болып жоғалған сәбиді іздеп жатыр (+ ВИДЕО)

95a9cc16fa65130fd37c32c538c2bdcb Жаңалықтар

Аtr.kz/21 мамыр, 2020 жыл. Атырауда бүкіл халық кешеден бері жоғалған сәбиді іздестіріп жатыр.

Кешеден бері жоғалған баланы іздестіру жалғасуда.

«1,5 жастағы сәбиді іздеуге бүгін сағат 06.30 бастап көмекке келген 400-ге жуық еріктілер, Ұлттық ұлан гвардиясының 50 әскері, 100-ден астам полиция қызметкерлері  Атыраудағы Жұлдыз ықшамауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге жұмылдырылды.

img 20200521 wa0041

Бұдан басқа, полиция қызметкерлерімен жедел  оперативті жұмыстар жалғасуда» деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Бұдан бөлек, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері, 4 техника және екі қызметтік ит жұмылдырылды.

Кешеден бері полиция департаменті іздеу жұмыстарына үш дронды пайдалануда.

Оқиғаға қатысты бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов фейсбук парақшасында пост жариялап, іздеу жұмыстарына атыраулықтарды көбірек жұмылуға шақырды.

img 20200521 wa0042


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз