COVID-19: Атырауда науқастардың басым бөлігі кімдер екені белгілі болды

201102182316861e COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың басым бөлігін Теңіз кенішінің жұмысшылары құрайды.

Атырау қалалық Cанитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы эпидемиология бөлімінің басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, соңғы тәуліктерде қауіпті індетке шалдыққандардың дені Теңіз кені жұмысшыларының арасынан анықталған.

«Олар коронавирус жұқтырғандардың 70 пайызын құрайды. Жұмысшылардың басым бөлігінде қауіпті індет алдын ала тапсырылатын міндетті скринингілік тексеріс кезінде белгілі болған. ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №57 қаулысына сәйкес, коронавирус анықталған науқаспен 3 және 12 тәулікте жақын қарым-қатынаста болған адамдардан ПТР-сынама алынады. Кейін олар 14 күнге үй карантиніне оқшауландырылады» деді Әсел Мұқаева.

Басқарма өкілі карантинге оқшауланған адамда ауру симптомы байқалса, дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді. Науқастың жағдайы ауыр болса инфекциялық стационарға жатқызылады.

«ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз