Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойлық оқушы тегін курсқа қатысып, бір күнде 60 мың тапты

Жастарға онлайнда табыс табуды тегін үйрететін “Шектелме” жобасының екінші кезеңі аяқталды. 

Қатысушылардың кейбірі курста меңгерген білімінің арқасында табыс тауып үлгерген. Солардың бірі – Қарашаш Уәли. 

— Мен Тұрғызбадағы орта мектепте оқимын. Курсқа “Таргет” бағыты бойынша тіркеліп, әлеуметтік желіге жарнама жіберудің тәсілдерін үйрендім. Алғашқы таргет жарнамамды иіссуларға жасап көрдім. Соның нәтижесінде 5 тауар саттым, — дейді жас таргетолог. 

«Теңізшевройл» компаниясының қаржыландыруымен жүзеге асып жатқан «Шектелме» жобасы Жем ауылдық округінде жалғасып, оған 50-ден астам тұрғын тартылды. Копирайтинг+SMM», «Таргетинг+SMM», «Графика дизайны» бағыттарын қамтитын курстарды «Жаңаша» қоғамдық қоры өткізуде.  

Алғашқы кезеңіміз Ақкиізтоғайдан басталып, 38 қатысушының 17-сіне курс мазмұнын толық меңгергенін растайтын сертификат берген едік. Екінші лекте 30 адамға сертификат тапсырып отырмыз. Бұл — жоба басталғалы 50-ге жуық жас онлайнда табыс табудың тілін түсініп, еңбек нарығына қосылды деген сөз. Бұдан бөлек, қатысушыларды ынталандыру мақсатында жариялаған байқауымызды қорытындылап, “Үздік жазба”, “Үздік дизайн”, “Үздік қатысушы” номинациялары бойынша озаттарды анықтадық, — дейді қор басшысы Алтынай Серікбай.

Курсқа жазылғандардың қатарында Құлсары қаласынан келіп оқып жатқандар да бар. Солардың бірі – Мақпал Байқұт.

Мен — есепшімін. Өз парақшамды эксперт ретінде жүргізіп, қызметімді онлайнда ұсынғым келеді. Курсқа жазылғандағы мақсатым – осы. Сабақ барысында өзіме қажетті көптеген ақпарат алдым. Үйренген инструменттердің кейбірін біртіндеп қолданып та жатырмын. Осы курста алған білімімнің арқасында жеке кәсібімді дамытып, табысымды арттыра түскім келеді, — дейді ол.

«Теңізшевройл» компаниясының әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы жобаға Атырау облыстық ішкі саясат басқармасы, Жылыой ауданы әкімдігі қолдау көрсетіп отыр.

Бұл – жастарға керек жоба, керек білім. Жаз айларында Жаңа Қаратон кенті, Қараарна, Қосшағыл ауылдық округтерінде өтетін курстарға жерлестеріміз белсене қатысады деп сенемін, -дейді Жылыой ауданының жастар ресурстық орталығының басшысы Әлібек Амандықов.

Бүгінде Жаңа Қаратонда өтетін курстарға тіркеу жүріп жатыр. Жобаға қатысу үшін 8702 8208920 номеріне хабарласуға болады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button