Әркімде бар бір сауал…

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ауданаралық бөлім басшысы Ринат Құлбалиевтің қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

Аталмыш кездесуде аудан тұрғындарының бірқатар мәселелері қаралды.  Жас мамандар жұмыс сұрап келсе, енді  бірі белгілі бір мекемеге жұмысқа қабылданып, еңбекақысын ала алмай жүргенін баса айтты. Бөлім басшысы көкейкесті сұрақтарға жауап беріп, барынша көмек көрсетуге уәде етті.

Айта кетейік, мұндай қоғамдық қабылдау бекітілген кесте бойынша айына екі мәрте өткізіліп тұрады.

Нұр  ИСЛАМ.

Жылыой ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз