Шілде айында не өзгереді?

narygy2 e1517916584763 Жаңалықтар

Atr.kz/1 шілде, 2019 жыл. Қазақстанда жаздың екінші айы бірқатар жаңашылдық күшіне енеді.

1 шілдеден бастап ерекше қажеттілігі бар балалардың қамқоршыларына, сондай-ақ, бала кезден бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсететіндерге төленетін жәрдемақы көтеріледі.

Шілде айынан бастап елімізде кедейлік шегін өсіру жоспарланып отыр. «Кедейлік шегінің мөлшерін анықтау туралы» бұйрыққа енгізілетін өзгерістерге сәйкес, ол 20 процентке ұлғаяды.

Яғни, кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 процентінен 70 процетіне дейін көтеріліп, 20,8 мың теңгені құрайды.

1 шілдеден бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің айлығы өседі.

Патрульдік полицияда 65%-ке, ал жедел-тергеу бөлімшелерінде 55%-ке көтеріледі. Ал қалған категориядағылардың еңбекақысы 25%-ке ұлғаяды.

1 шілдеден бастап шетелдік қаржылық емес ұйымдар Қазақстанның ұлттық банкіне валюта операциялары туралы хабар беріп тұрады. Жаңашылдық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» заңға сәйкес енгізіліп отыр.

Жаздың екінші айынан бастап Қазақстанда валюта операцияларын іске асыру тәртібі өзгереді. Жаңашылдық, ең алдымен, айырбастау пунктеріне қатысты болмақ.

2019 жылдың 1 шілдесінен 86 қызмет түрі онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдана бастайды.

Жыл соңына дейін тоқсан сайынғы негізде 633 қызмет түрі БКМ-ға ауысады.

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану талабы ортақ пайдалану телекоммуникация желілері жоқ аумақта қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты емес.

Бүгіннен бастап коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаларды тіркеу, сондай-ақ, олардың филиалдары мен өкілдіктерін есептік тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асырады.

Қазақстанның ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімшелерін таратады. Бұл бөлімшенің функциясы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО) беріледі.

1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алғысы келетіндерден теоретикалық және практикалық емтиханды ХҚКО қызметкерері қабылдайды.

Үкімет қаулысына сәйкес, 1 шілдеден бастап темекі тағы 20 теңгеге қымбаттайды. Енді бір қорап темекінің бағасы 400 теңге болады.

Мөлдір ҚҰБАЕВА,

Х.Досмұхамедов атындағы

Атырау мемлекеттік университетінің 4 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз