Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойлық кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталады

30 сәуірде Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерден өтінім қабылдау басталады, — деп хабарлайды төтенше жағдай жөніндегі облыстық жедел штаб.
Өтінім су тасқыны салдарынан мүлік иелерін зардап шеккен деп тану және мүліктік шығындарды алдын ала бағалау бойынша қабылданады. Өтінімдерді қабылдау уақыты сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін жүзеге асырылады. Кәсіп иелері құжаттарды Құлсары қаласындағы №9 мектептің ғимаратына апарып, тапсыра алады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button