Ауа райын болжаушылар шұғыл мәлімдеме жасады

2002281824221560f 1 Жаңалықтар

Қазгидромет 30 наурыз бен 1 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу аудандарынан ығысатын антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды.

«Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болжануда, кей жерлерде қатты болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күшейеді» делінген хабарламада.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 30 наурыз күн ашық, ауа температурасы түнде -4℃, күндіз -3℃.

Алматыда күн бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, түнде +2℃, күндіз +4℃.

Шымкентте күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде +4℃, күндіз +8℃.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз