Жаңалықтар
Жылыойда жоғалған 9 жасар баланы іздеу тоқтатылды
«Бүгін, яғни, 27 сәуір күні таңда баланың денесін сүңгуірлер тапты» деп хабарлайды Atr.kz
Еске сала кетсек, 26 сәуір күні Жылыой ауданының полиция бөлімінің кезекшілік пультіне бала жоғалғаны жөнінде хабарлама түскен болатын.
«26.04.2021 ж. сағат 19:15-те Жылыой ауданы ПБ, 9 жасар баланың Құрсай каналына батып кеткендігі туралы хабарлама түсті», делінген таратылған ақпаратта.
Өзен бойынан іздестіру шаралары басталғанмен, алғашқы әрекеттер нәтиже бермеген еді. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары, Жылыой аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және жергілікті тұрғындар тартылды.