Атырауда кортеж ұйымдастырған мектеп түлектері анықталды

kengsh Жаңалықтар

Атырауда мектеп түлектері көлік басқарып, көлік құралының терезесінен денесін шығарған деректер анықталды.

«ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабына сәйкес, яғни Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау дерегі бойынша 10 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабы бойынша, яғни, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы бойынша 2 автокөлік анықталды, аталған автокөліктерде болған 20 жасөспірім полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда ата-аналары полиция басқармасына шақыртылып, тиісті іс-құжаттар жинақталуда», – деп мәлімдеді Атырау қалалық полиция басқармасы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз