Жаңалықтар
Жылыойда су құбырлары тазартылуда
Құлсары қаласының «СМП-615», «Теміржолшылар» шағынаудандарындағы су құбыры желілеріне хлордың жоғары мөлшерімен залалсыздандыру және шаю жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түнгі сағат 00.00-ден таңғы 06.00-ге дейін атқарылған бұл жұмыстарға 6 техника, 10 адам жұмылдырылды. Айта кету керек, су құбыры желілерін тазарту жұмыстары қажет ететін шағынаудандарда өз кезегімен жалғасатын болады.
–Ескерте кетер бір жайт, мұндай іс-шара кезінде хлор көп мөлшерде қолданылғандықтан, осы уақыт аралығында ауыз суды тұтынуға болмайды. Таңғы уақытта қосылған кезде оны бірден ішуге пайдаланбай, алдымен кранды ашып желінің бойын тазартып алу қажет, — дейді әкімдіктің өкілдері.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА