whatsapp image 2019 10 31 at 15.39.35

Атыраулық кәсіпкерлерге – 709 миллион теңге!

Жаңалықтар Экономика

Atr.kz/31 қазан, 2019 жыл. Атырауда «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша 285 жоба қаржыландырылды.

Ағымдағы жылы Атырауда осы жоба бойынша  1900 адамды қамту жоспарланған. «Бастау» жобасының 272 түлегі  709 млн. теңге көлемінде қаражат алды. Соның ішінде, «Еңбек» бағдарламасы аясында 61 миллион теңгеден астам көлемінде 141 грант берілді. Қазіргі уақытта бесінші ағын дайындалуда, соңғы алтыншы ағын осы жылдың қараша айында басталады. 

Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Абдолла Идресовтің айтуынша, бағдарламаға облыс орталығының тұрғындары да, барлық жеті ауданның тұрғындары да қатыса алды.

– Қазіргі уақытта жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған 1090 адамды оқыту жоспарланған, оның ішінде 1111 адам оқытылады, 725 миллион теңге көлемінде 285 жоба қаржыландырылады. Жобалардың негізгі үлесі ауыл шаруашылығы саласында – 25%, өңдеу өнеркәсібі – 17%, сондай-ақ сауда және қызмет көрсету саласы, – деді Абдолла Идресов.

Айта кету керек, өткен жылы Атырауда жаппай кәсіпкерлікті дамыту  бағдарламасы бойынша 1325 адам оқытудан өтті. Оның ішінде 305 адам қаржыландырылып, 1 миллиард 200 мың теңге көлеміндегі бизнес жобаларын іске асырды.

Дереккөз: Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған