Жарнама
Жаңалықтар

Жылыойда балық шабақтары құтқарылды

Теңіз балық инспекция бөлімінің мамандары мен Жылыой аудандық әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, балық шабақтарының қырылуының алдын алу мақсатында Қосшағыл ауылына қарасты Ордабай көлінде арнайы жұмыстар жүргізді.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы өкілдерінің хабарлауынша, мамандар мұз астындағы балықтарға оттегі жіберу үшін көлдің үш жерінен майна ойып, жағдайды бақылауға алды. Мұз қалыңдығы – 12-15 см, ал су тереңдігі 2 метрді құрады. Жергілікті атқарушы мекемелермен бірлесіп, қырылған мөңке шабақтары санитарлық талаптарға сай жойылды. Қырылған балықтың жалпы салмағы – 3 келі.

Мамандардың сөзінше, бұл жағдай судың оттегімен жеткілікті мөлшерде қанықпауының салдарынан орын алған. Осыған байланысты мамандар көлден тор арқылы балықтарды құтқару жұмыстарын ұйымдастырып, 20 мыңнан астам мөңке шабағын тірі күйінде Құлсары қаласындағы Қамыскөлге жіберді. Қазір Ордабай көлі инспекцияның және жергілікті атқарушы мекемелердің бақылауында. Егер мәселе тағы анықталса, қосымша құтқару шаралары жүргізіледі.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button