Жарнама
Жаңалықтар

Жылыой: қоғамдық штабтың маңызы зор

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Қоғамдық штаб өңірдегі мәселелердің жылдам шешімін табуға көмектесуде. Бұл туралы Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов мәлімдеді.

–Құлсары қаласында су тасқынының салдарын жою жөнінде штаб құрылған болатын. Олар қаланы судан тазалау, тазарту жұмыстарын атқаруда. Ал, Қоғамдық штаб жұмысымыздың ауқымды жүзеге асуы үшін көп көмегін тигізуде. Жергілікті тұрғындардың сұрақтарына тез арада жауап беру мақсатында тиісті мамандар бір жерге жұмылдырылып отыр. Өңірдің ахуалын жақсарту үшін Қоғамдық штаб мәселенің тез шешімін табуға көмектесуде, — дейді Жұмабек Қаражанов.

Айта кетейік, Қоғамдық штаб Құлсары қаласы, Махамбет даңғылы, №9 орта мектеп ғимаратының акт залында тұрғындарға қызмет етуде.

Хұсни ХАМЗА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button