Атырауда бір тәулікте 110 адамнан коронавирус анықталды

140538 Жаңалықтар

Қазіргі уақытта 1160 адам амбулаторлық жағдайда емделуде. Бұл туралы Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

Соңғы тәулікте Атырау қаласында 75, ал скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнынан 5 науқастан қауіпті індет анықталды. Сондай-ақ,  Жылыой ауданының 13, Индер ауданының 2, Қызылқоға ауданының 3, Құрманғазы ауданының 7, Мақат ауданының 2, Махамбет ауданының 3 тұрғынында коронавирус расталған.

Коронавирустық инфекциясы бар 60 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 153 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 1160 адам үй жағдайында, 180 – модульдік ауруханада, 101 – екінші облыстық ауруханада, 98 – фтизиопульмалогиялық орталықта, 162-аудандық инфекциялық стационарларда ем алуда. Ал, Теңізкен орнындағы инфекциялық стационарда 114 науқас дәрігер бақылауында.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша бір айдан астам уақыт бойы «қызыл» аймақта қалып отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз