Жарнама
Жаңалықтар

Жылыой ауданында аламан бәйге өтті

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай Жылыой ауданы әкімдігінің қолдауымен және жылыойлық атбегілердің ұйымдастыруымен ат тұяғын дүбірлеткен кең көлемді аламан бәйге өтті.

Бәйгеге Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстарынан 60-тан астам сәйгүлік қатысып, өз бақтарын сынады. Ат жарысы аламан, топ, құнан, тай, ұшқыр және қыз қуу секілді 6 түрінен өтті. 21 шақырымдық аламанға 14 жылқы қатысты.

Аламан жарысқа тігіліген қаржылай сыйлықты бәйгеден алғаш болып келген маңғыстаулық Нарқасқа есімді жылқының шабандозы Мирас Фархатұлы алды. Ал 15 шақырымдық топ жарысында оза шауып келген Мақсот Нұржанұлының Лашыны мен 7 шақырымдық құнан жарысынан топ жарған құрманғазылық Нұрдаулеттің Тентек қарасы болды. Олар сыйлыққа мотоцикл алды. Басқа да бәйгелерге қатысып екінші, үшінші, төртінші, бесінші орын алған жылқылар да марапатталды.

Дода соңында аудан әкімінің орынбасарлары Ә.Шәкіров, Ж.Рашев пен Г.Айшуақова жүлдегерлерді марапаттап, ақшалай сыйлықтары мен мотоцикл кілтін табыстады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button