Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Жылыой ауданы әкімі аппаратының ғимараты, 9 кабинет, телефоны: 8(71237) 5-11-53, 5-19-17; электрондық почтаның адресі: zhylyoi.ko@mail.ru «Б» корпусындағы бос лауазымды әкімшілік мемлекеттік орынға конкурс жариялайды:
Функционалдық міндеттері: Жерге орналастыруды жүргізу, ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың/ жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру; елді-мекендер аумағының жер шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру; жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу; аудандардың /облыстық маңызы бар қалалардың/ жер балансын жасау; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі ұсыныстар дайындау; жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу; шаруа қожалықтарының құжаттарын жасақтады ұйымдастыру; жер сауда-саттығын /конкурстар, аукциондар/ жүргізуді ұйымдастыру; мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау; иесіз жер учаскелерін есепке алу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары. Жерге орналастырушы, геодезист, сәулетші, құрылысшы. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
2) Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маман-заңгері (ЕG-3)
Лауазымдық еңбек ақысы мемлекеттік қызметте еңбек еткен жылдарына байланысты 53813,04 теңгеден 72391,35 теңгеге дейін
Функционалдық міндеттері: Қала әкімі аппараты бойынша нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының қолданып жүрген Заңдарына сәйкестігін қарайды, келісім-шарт, шешім, өкім құжаттарының жасақталу заңдылығына жауап береді; Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің өңірлік бағдарламасын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын іске асыру; қала әкімі аппаратына қатысты дауларды реттеу; қала көлемінде кездесетін автокөлік жүрісі, әлеуметтік салада кездесетін сұрақтар-даулардың заңдылығы; қала құрылысында кездесетін заңсыздықтар, жер, су, тоқ, газ т.б. сұрақтардың заңдылығын қарау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары. Заңгерлік. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
3) Құлсары қаласы әкімі аппаратының бас маманы (ЕG-3)
Лауазымдық еңбек ақысы мемлекеттік қызметте еңбек еткен жылдарына байланысты 53813,04 теңгеден 72391,35 теңгеге дейін
Функционалдық міндеттері: Қала аумағында белгілі тәртіппен бекітілген қала құрылысы жоспарларының комплексті схемаларын жүзеге асыру қызметіне координация жасау, қала аумағындағы құрылыс салу жоспары мен қала құрылысындағы түрлі өзгерістерді халыққа хабардар ету, қаланы көріктендіру мақсатында түрлі сәулет жобаларын жасақтау; тұрғын үй қорының есебін жүргізу, санитарлық тазалық, коммуналдық шаруашылық, күрделі құрылыс жұмыстарын жасақтау, құрылыс жұмысын, жөндеу жұмыстарын жоспарлау, коммуналдық шаруашылықтарын жоспарлау, орындалуын бақылау. Жобалық сметалық құжаттарды дайындайды. Мемлекеттік сатып алу құжаттарын жасақтау. Жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі. Қала халқы санын анықтау жұмыстары. Қаланың төлқұжатын жасақтау. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі жоғары. Техникалық, экономикалық. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымының мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан -2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білу.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
— Өкілетті орган белгіленген нысан бойынша өтініш;
— 3х4 үлгідегі суретпен өкілетті орган белгіленген нысандағы сауалнама;
— Білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
— Еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
— Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда№ 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
— Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;
— Құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификат.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде Жылыой ауданы әкімі аппаратында өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары басылымдарына («Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттерінде) конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде көрсетілген мекен — жай бойынша сәйкесті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Азаматтар жоғарыда аталған құжаттарды құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма – қол тәртіпте немесе пошта арқылы қабылдау мерзімінде бере алады. Сонымен қатар құжаттарды хабарламада көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды бере алады.
Электрондық почта арқылы берген азаматтар құжаттардың тұпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді.
Аталған құжаттардың тұпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығының «Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» қағидасы бекітілді. Аталған Қағиданың 4 тармағының 19 тармақшасында:«Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады»