Жылу ақысы қайта есептеледі
Атырау облысының тұтынушыларының жылу ақысы үшін 10,7 млн. теңге шамасындағы қаражатқа қайта есептеу жүргізіледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Арман Өтегенов хабарлады.
Оның айтуынша, «Табиғи монополиялар туралы» заңнамаға, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидалары бекітілген. Соған сәйкес, сондай-ақ тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында департамент жергілікті тұтынушыларды жылумен жабдықтайтын табиғи монополия субъектілері тарапынан көрсетілетін қызмет құнын сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, қайта есептеу жөнінде талдау жүргізді.
Облыста жылу беру маусымында заңды және жеке тұлғаларға 5 табиғи монополия субъектісі қызмет көрсетті. Олар: «Жылыой Су» МКК, «Иманалин» ЖК, «Қаланың тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ. Аталған мекемелерге қатысты жүргізілген талдау, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы сомасы 10,7 млн. теңгеге жуық (қосымша құн салығымен есептегенде) қаржыны қайта есептеу жұмыстары жүзеге асырылатын болады.
Соның ішінде, «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-ына қатысты жалпыүйлік жылу есептеу аспабынсыз – 6; «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС бойынша: «Нұрсая» шағынауданында – 2, 65 млн»; Балықшы кентінде – 734 600 теңге; «Жұлдыз» ш/а-да 374 969 теңге қаражат қайта есептелуге жатады. Одан бөлек, «Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нда – 210 429 теңге; Исатай ауданында – 525 813 теңге; «Жылыой Су» МКК-нында – 164 203,03 теңге; «Иманалин» ЖК-інде – 8 498,69 теңге сомасыындағы қаржы қайта есептелінеді.
– «Табиғи монополиялар туралы» Заңның 26-бабының 2-тармағының 11 тармақшасында атап көрсетілгеніндей, сәйкес, табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыға тікелей жеткізу немесе оның тұрғылықты жерін (мекен-жайын) анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ақы төлеу кезінде қызмет тарифі қайта есептеу жолымен тағайындалуға тиісті және міндетті. Жоғарыда аталған табиғи монополия субъектілерінің көрсеткен қызметіне алынатын тариф осындай жағдайға байланысты қайта есептелінуі керек, деген шешім қабылданды. Осыны негізге алып, барлық тұтынушылардың жалпыүйлік жылу есептеу аспабын қолдануға көшу барысында тұтынушылардың жылу энергиясының ақысын нақты пайдаланған көлеміне қарай төлеуге құқығы бар екенін, қажеттілік туындаған жағдайда қайта есептесуі талап етілетінін ескертеміз, — деп сабақтады сөзін Арман Тұрсынұлы.
Дәулетқали АРУЕВ
Сурет: egemen.kz