Жыл басынан бері Қазақстанда 76 адам суға кетіп көз жұмды (+ВИДЕО)

73e8001db47cdbf6ecfd2ad19b3793af БЕЙНЕЖАЗБА

Atr.kz/6 маусым, 2019 жыл.  Жыл басынан бері елде 76 адам суға кеткен.

Оның ішінде, қырық адам – жасөспірім. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер дабыл қақты.

Спикердің сөзінше, ажалы судан болғандардың 27-сі балық аулау кезінде, 22-сі шомылып жүріп, ал 2 адам басқаны құтқарам деп опат болған. «Қазақстанда демалушылар мен балықшылар баратын 50 мыңға жуық өзен-көл бар. Ал құтқарушылардың саны – 1380 ғана. Яғни су қоймаларын мамандармен толықтай қамту мүмкін емес» деді Беккер.

  Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біз енді статистиканы басқаша жүргіземіз. Бұрын біз суға шомылу кезінде қаза тапқандарды ғана есепке алатынбыз. Ал енді өкпесіне су жиналып өлгендердің бәрін тіркейміз. Сонда біз қай жерде қандай профилактикалық жұмыстар жүргізу керектігін түсінеміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз