ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ – ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА

Жаңалықтар

Сонымен білгеніміздей, аталмыш шағынауданға алты маршрут бойынша автобус қатынайды екен. Олардың төртеуі Сатыбалдиев көшесі арқылы өтетін болса, қалған екі маршрут қана Амандосов көшесімен жүреді. Олар – №6 және №51 автобустар. Екеуі де Азаттық көшесі арқылы кетеді. Ал, тұрғындар болса, «Авангард» мөлтекауданы бетіндегі балаларының мектебі мен балабақшасына бара алмай әлек. «30 А» секілді, «14 А» деп те автобустар шығарылып, Әбдрахманов көшелері арқылы өтсе, адамдарға ыңғайлы болар еді» дейді тұрғындар.
Рас, арызданушылар Сатыбалдиев көшесіне шығып, №4, №64 автобустарға отыруға болатынын айтады, алайда олардың өзі де «аузы-мұрнынан» шығып толы келеді. «Өйткені, автобустардың көбі – «ГАЗель» автокөліктері» – дейді «алмагүлдік» Гүлбаршын Мусина. Иә, бүлдіршіндерінің жағдайына алаңдаған ата-аналар балаларын автобустарға мінгізбей тастап кететін кондукторлардың барын да жасырмады. Автобустардың жүруіндегі уақыт қашықтығының ұзақтығын және аялдамаларда павильондардың жоқтығын да жиын барысында айтты. «ГАЗельдер» үлкен автобустармен алмастырылса» деген тілектерін де жеткізді.
Тұрғындар назын тыңдаған Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Еркін Ғалиев хронометражды тексеріп, қорытындысы бойынша тасымалдаушылармен сөйлесіп, бір апта көлемінде бұл мәселені шешетіндерін айтты. Сонымен қатар, ол «автобустардың жүру бағыттарына сараптама жасалуда. Маршруттар бекітілгеннен кейін, аялдамалар да ыңғайлы етіп орналастырылады» деп атап айтты.

Рита ӨТЕУҒАЛИ.
Суретті түсірген
Ерлан АЛТЫБАЕВ.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған