Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жылыойдағы жарқын жобалар

аймақ экономикасының әлеуетін арттырады

Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың айтуынша, биылғы тоғыз айдың қорытындысымен өңірде өнеркәсіп өнімінің көлемі 2 трлн. 748,6 млрд. теңгені құрапты. Демек, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 608,9 млрд. теңгеге артық.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b5

Сөйтіп, осы уақытта 21,8 млн. тонна мұнай мен 11 млрд. текше метр ілеспе газ өндірілді. Құрылыс жұмыстарының көлемі 119,2 млрд. теңгені құрады. Құлсарылықтардың қуанышы – соңғы отыз жылда тұрғын үй құрылысы қайта қолға алынып, алғашқы нысандардың пайдалануға берілуі. Осындағы пәтерлердің біразы ауданға келген жас дәрігерлер мен мұғалімдерге ұсынылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша Ақкиізтоғай, Майкөмген және Шоқпартоғай ауылдарына ауыз су жеткізілді. Өзгелеріне де тартылу үстінде.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b54

Құлсары қаласы мен Жаңа Қаратон кентіне көп жылдардан бері жол жөндеуге қаржы қарастырылмаған-ды. Биыл респубикалық және жергілікті бюджеттерден 207,9 млн. теңге бөлініп, жаңғырту жұмыстары қолға алынды. Сонымен қатар, 10,8 шақырымдық Құлсары-Шоқпартоғай кірме жолын күрделі жөндеу аяқталды. Осындай жұмыс Ақкиізтоғай бағытындағы 33 км жолға да жүргізіледі. Ауданда 7327 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Оларда 12546 адам жұмыс жасайды. Республикалық үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үш жоба қатарға қосылды.

Ауданда ауыл шаруашылығымен шұғылданатын бір жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және 240 қожалық бар. Биылғы 1 қазандағы есеппен 18846 мүйізді ірі қара, 75842 қой-ешкі, 8487 жылқы, 9060 түйе және 178901 құс өсірілуде. Соның нәтижесінде есепті мерзімде 3250,4 тонна ет, 4676,1 тонна сүт пен 23999 мың дана жұмыртқа өндірілді. Үстіміздегі жылы барлығы 150 гектар жерге егін егілді.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b53

Денсаулық сақтау және білім беру, спорт пен мәдениет, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салалары бойынша да қол жеткізілген жетістіктер аз емес. Тіл саясаты мен діни ахуал да орнықты. Қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да біраз игі шаралар жүзеге асырылды.

Аудан әкімінің осындай нақты баяндамасынан соң журналистер көкейдегі сауалдарын жолдады.

%d2%b1%d0%bb%d1%82-%d0%b6%d0%be%d1%81%d0%bf%d0%b0%d1%80%d1%8b-%d0%bc%d1%96%d0%bd%d0%b4%d0%b5%d1%82-%d0%bf%d0%b5%d0%bd-%d0%bc%d0%b5%d0%b6%d0%b52

– Ауданның қоршаған ортасына қатысты мәселе толғандырады. Осы орайда ілеспе газды кәдеге жарату бағытында нендей шаралар қолға алынып жатыр?

– Аймақтың қоршаған ортасына негізінен мұнай-газ өндіру компанияларының қызметі көбірек әсер етеді. Әйтсе де, бүгінде «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына қатысты кәсіпорындар ілеспе газды тиімді пайдалануға бетбұрыс жасады. Олар оның бір бөлігін ішкі қажеттіліктеріне тұтынуда. Одан әрі бұл өнімді өңдеп, тасымалдау мақсатында арнайы қондырғы салынуда. Ол келесі жылы пайдалануға берілмек. Ал, «Теңізшевройл» компаниясының қызметі тұрақты бақылауда.

– Аудан халқының коммуналдық берешегі қандай?

– Тұрғындардың табиғи газ бен электр энергиясына берешегі жоқ. Мәселе ауыз суға қатысты. «ЖылыойСу» мекемесінің «КазТрансОйл» компаниясына қарызы 138 млн. теңгеге дейін жеткен-ді. Жұртшылықпен жүр-гізілген түсінік жұмыстары нәтижесінде оны 90 миллионға дейін азайттық. Қазір тұрғындардан төлем 95 пайыз шамасында жиналуда. Жалпы, әркім тұтынған коммуналдық қызметінің ақысын төлеуі керек қой.

– Жаңа Қаратон кентіндегі емдеу орнының тарлығы туралы тұрғындардан хат түскен-ді. Осы мәселе қалай шешілуде?

– Халық санының өсуіне байланысты, расында да, емдеу орны тарлық етуде. Әлі де үш-төрт кабинет қосу қажет. Бұл мәселе облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен аудандық әкімдіктің бірлескен әрекеті нәтижесінде жүзеге асырылады.

– Құлсары қаласы арқылы ағатын Құрсай өзенінің тазалығын қалай сақтауға болады?

– Құрсай өзені Бақашыдан басталады. Даламен 30, Құлсарының ішімен он шақырым бойы ағады. Оның тазалығын сақтаудың бірден-бір жолы – Бақашыда шлюз орнату. Бұл біраз жылдан бері айтылып келеді. Енді ТШО компаниясының «Игілік» бағдарламасы арқылы жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Құрсай Қамыскөлге құяды. Демек, оның тазалығы аудан үшін өте қажет.

– Құлсары қаласындағы орталық кітапхана мен мұражай орналасқан ғимараттар әбден тозған. Оларды жаңартуға құрылыс жүргізілмей ме?

– Өте орынды сауал. Өйткені, өркениетті елдерде келген қонақтарды алдымен мұражайға апарады. Аймақтың өткені мен қазіргі тарихы сонда жинақталады. Орталық кітапхана ғимараты да сонау жетпісінші жылдары пайдалануға берілген. Тиісті талапқа да сәйкес келмейді. Сондықтан, алдағы уақытта қос ғимаратты қазіргі заман талабына сай қайта салу қолға алынбақ. Құрылыс орны белгіленді, қажетті құжаттары дайындалуда.

– Ауданда ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы қалай?

– Өткен оқу жылының қорытындысы – 64,7 балл. Білім сапасын одан әрі көтеру мақсатында ауданда қазақ-түрік лицейі ашылды. Оқушылар жатақханамен қамтамасыз етілді. Балалардың ата-аналары келіп тұрады. Қалай тамақтанып, демалып және білім алып жатқандығын өздері көреді.

– Теңіз кенішін игерудің үшінші кезеңі басталуына орай жергілікті мамандарды қызметпен қамтуға мүмкіндік туа ма?

– Осы жоба аясында 20 мың шамасында жаңа жұмыс орны ашылмақ. Қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, инвестор қажетті мамандарды алдымен жергілікті жерден іздеуі тиіс. Мұнда табылмаса ғана сырттан әкеледі. Демек, аудан жастары алдында мол мүмкіндік бар. Олар өздерін көрсете білуі керек.

– Аталмыш жоба аясында салынып жатқан порт келешекте ел игілігіне қызмет істей ме?

– Теңіз кенішін игерудің кезекті сатысына қатысты Батыс Прорва тұсынан порт салынуда. Жалпы, Каспий теңізі соңғы жылдары біраз шегінді. Қазір ол келешек порттың өзінен төрт-бес шақырым қашықтықта. Порттың 90 пайызы әзірге ТШО компаниясының еншісінде. Қалған он пайыздық үлеспен «ТеңізСервис» кәсіпорны иелік етеді. Әйтсе де, жаңа жобаға қатысты барлық жұмыс аяқталған соң оны пайдалану соңғысына беріледі. Осы порт арқылы салмағы мыңдаған тонналық үлкен габаритті жүктер тасымалданады.

– Бүгінде Алматы-Маңғыстау пойызы Құлсарыға соқпайтын болды. Сондай-ақ, темір жол вокзалы да өте ескі. Бұл проблема қалай шешілуде?

– Алдымен, вокзал туралы. Ол сонау 1960 жылы елу адамға ғана шақталып салынған. Одан бері ауданда халық саны еселеп өсті. Қазіргі талапқа мүлдем сай емес. Сондықтан, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығына жаңа ғимарат салу жөнінде ұсыныспен шыққанбыз. Әйтсе де, олар қазіргісін күрделі жөндеумен шектелгісі келеді. Мұндай қадам бізді мүлдем қанағаттандырмайды.

Алматы-Маңғыстау пойызы айналма жол пайдалануға берілгеннен бері Құлсарыға соқпайтын болды. Мұны «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы басшылығы уақыт үнемдеумен түсіндіреді. Сайып келгенде, жылыойлықтардың Алматыға баруы қиындап кетті. Бұл мәселені де қозғадық. Әйтсе де, әзірге тұшымды жауап жоқ.

Міне, Жылыой ауданының әкімі Мақсым Ізбасовтың биылғы тоғыз айдың қорытындысымен брифинг ұйымдастыруы осындай ашықтық жағдайында өтті.

Облыс әкімінің тапсырмасы және оның орындалуы:

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданын аралаған сапарында 16 өзекті мәселеге назар аударды. Оның бесеуі бүгінде шешілді. Тағы екеуінің түйіні тарқатылу үстінде. Өзгелерінің шешілуі алдағы күндер еншісінде. Өйткені, бірқатар мәселе республикалық ведомстволық құрылымдарға қатысты.

 Меңдібай СҮМЕСІНОВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button