Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жылыой ауданының жаңа әкімі тағайындалды

Бүгін, 15 тамыз күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданының әкімі Максим Ізбасовты зейнеткер жасына шығуына байланысты аудан әкімі қызметінен босатты.

IMG_2611-15-08-17-16-26

Ол Максим Шапихұлына ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына  қосқан үлесі мен атқарған жұмысы үшін алғыс білдірді.

Ауданның әкімі болып осыған дейін Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарған Алимұхаммед Құттымұратұлы тағайындалды. Депутаттар оның кандидатурасын бірауыздан қолдады.

IMG_2613-15-08-17-16-26

Аудан маслихатының сессиясы барысында жаңа үміткер Елбасының «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша бес институционалдық реформа» мақаласының қазіргі заманғы мемлекет аппаратын қалыптастыру принципі бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.

IMG_2614-15-08-17-16-26

Алимұхаммед Құттымұратұлының экономика мен құқықтану саласында екі жоғары білімі бар. Еңбек жолын 12 жыл бұрын  жеке секторда бастаған, кейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы лауазымын атқарған. 2008-2012 жылдар аралығында жергілікті атқару органдар жүйесінде қызмет жасады.

2012-2016 жылдар аралығында Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы аппаратының басшысы, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2016 жылдың мамыр айынан Махамбет ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button