Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Жылыой ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жылыой аудандық мәслихат депутаттарына Әлимұхаммед Құттымұратұлының басқа жұмысқа ауысуына байланысты жаңа аудан әкімінің кандидатурасын ұсынды, деп xабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

20180703145726

Жылыой ауданының әкімі болып, бұрын Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған Азамат Бекет тағайындалды.

Аймақ басшысы кандидатурасы ҚР Президент Әкімшілігімен келісілген Азамат Бекеттің ұзақ жылғы еңбек өтілі бар екенін атап өтті. Облыс басшысы бұған дейін өмірде, қызметте жинаған тәжірибесі жаңа әкімге жүктелген міндеттерді лайықты атқаруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Депутаттар жаңа әкімнің кандидатурасын қолдады.

20180703145720

Азамат Бекет — жоғары білімді, Қазақ мемлекеттік-құқықтық университетін (құқықтану), экономика және құқық академиясын (қаржы) бітірген. Құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарында еңбек еткен.

2004-2013 жылдар аралығында ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясы) қызмет атқарған. Астана, Алматы қалаларында, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарында экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменттерінде еңбек етті.

2013-2016 жылдары Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болды.

2016 жылдың 11 мамырынан бүгінге дейін Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button