БОЗ КІЛЕМДЕГІ ТАРТЫСТЫ БӘСЕКЕ

Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында таэквондодан (WTF) Қарасай батырды еске алуға арналған 9-шы ашық республикалық турнир өтті. Аталған жарыста еліміздің әр өңірінен 730-дай спортшы бағы мен бабын сынап көрді.

Облыс намысын абыроймен қорғай білген жерлестеріміздің бірқатары Қазақстан Республикасының спорт шеберіне үміткер атағына ие болды. Соның ішінде, Жылыой ауданының және облыс орталығындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің тәрбиеленушілері бар. Айта кетсек, аталған жарысқа №1 БЖСМ-нің өзінен 25 спортшы қатысқан. 

 Қарсыластарының бәрін жыққан Ұлжан Маханова (52 келі), София Амангелдиева (26 келі) жеңіс тұғырынан көрінсе,  Рамазан Таспаев, (28 келі) күміс, Арайлым Асқарова (24 келі), Мариям Кударова (22 келі), Әлішер Жұмағұл (28 келі),Темірлан Ахунжанов (20 келі), Егор Чекалов (22 келі), Эльдар Жолдаспаев (18 келі), Жандос Жақсығалиев (24 келі), Алдияр Ғаділбеков (33 келі), Ирина Ли (35 келі), Әділжан Сәрсенов (38 келі), Әлихан Сейітов (51 келі), Айдана Еділбаева (42 келі), Арайлым Оразақова (59 келі) қола жүлдегер атанды. Бұл спортшылардың барлығы да – №1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері. Ал, оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар – Айсұлу Халамғалиева, Сәуле Сардарова және Руслан Аманғалиев.

Бетті дайындаған Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз