Жарнама
Жаңалықтар

Журналиске артылар жүк ауыр

ҚАЗІР ӘЛЕМДЕГІ ГЕОСАЯСИ ЖАҒДАЙ САН ҚҰБЫЛЫП ТҰР. МҰНДАЙДА ӘР ЕЛ ӘУЕЛІ ІШКІ ЫНТЫМАҒЫН НЫҒАЙТУҒА КҮШ САЛАДЫ. ЭТНОСАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ УШЫҚТЫРМАЙ, БЕРЕКЕСІН АРТТЫРУ ҮШІН ТЕР ТӨГЕДІ. БҰЛ ТҰРҒЫДА БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНА АРТЫЛАР ЖҮК ЖЕТКІЛІКТІ. ТАҚЫРЫПТЫ РЕСМИ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚАЛАЙ ЖАЗУЫ КЕРЕК? ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРКЕҢЕСТЕГІ ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ ОСЫ БОЛДЫ.

Республикалық «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырған шара биыл екінші рет өтіп отыр. Семинар бұған дейін алғаш рет Ақмола облысында өткен еді. Шымкенттегі семинарға Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Абай және Ұлытау облыстарынан журналистер қатысты.

– Этносаралық қатынастар саласы – өте нәзік сала. Үнемі өзгерістерді талап етеді. Ақпараттық жұмыстарды жүргізу мәселелерін үнемі жетілдіру арқылы елдегі бірлік пен тұрақтылықты сақтауға жасалып жатқан жұмыстардың негізгі мәні мен мазмұны айқындалып отырады. Осы семинар арқылы этносаралық мәселелерді жазудың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін ақпараттық жұмысты ұйымдастырудың дағдылары мен құралдарын үйретуді мақсат тұтып отырмыз, — деді «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Нұрхат Ораш.

prob

 Әр өңірден келген БАҚ өкілдері өзара пікір алмасып, шеберлік сағаттары мен зерттеу нәтижелеріне де қанық болды. Ақпараттың берілу және таралу ерекшеліктері жайлы құнды ойлар айтылды.

 – Біздің газеттің мақсаты – қоғамдағы тыныштықты сақтап, қазақстандық жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында жүзеге асып жатқан жұмыстарды насихаттау. Семинардың маңызы өте зор. Ассамблеяның жұмысына жастарды көбірек тартқан жөн. Әлбетте, жастар газетті көп оқиды деп айту қиын. Десе де, оларға ақпаратты берудің жаңа тәсілдерін білуге тиіспіз, — деді «Уйғур авази» газетінің бөлім меңгерушісі Юлдаш Молотов.

Қазір ресми ақпарат құралдарында жарияланған мәтіндерде де этносаралық мәселелер көтеріліп, сыңаржақ пікірлер кездесіп қалатыны да сөз болды. Ал, одан ерекше сақ болу керек. Мұндайда журналистің моральдік және этикалық ұстанымы маңызды.

– Кез келген ұлтаралық қақтығыс кезінде жауапкершілік міндетті түрде журналистерге артылады. Өйткені, ол жерде халықтың ортақ мүддесі мен тағдыры бар. Журналистер оқиға орнына барғанда өзінің ақпаратын бүкіл халық көріп-біліп жатқанын сезінуі тиіс. Сондай-ақ, оқиға орнына бармас бұрын редакциялық жиналыс жасап, ақпаратты қалай тарату туралы кеңесулері тиіс, — деді Factcheck.kz ақпараттық сайтының тілшісі Жансерік Төлеухан.

Семи н ар барысын да жалғ ан ақпараттар, онымен күресудің жолдары, өшпенділік тілінің белгілері, этносаралық терминдерді дұрыс қолдану, басқа да мәселелер жөнінде тартымды ақпараттар беріліп, қатысушылар пікір алмасты. Шымкенттегі шарада SMMді ілгерілетудің негізгі әдістері мен мобилография, БАҚ пен әлеуметтік желілердегі қазақ және орыс тілді контентті жариялау ерекшеліктерін зерттеу туралы шеберлік сағаттары өтті. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 Алмас ҚАБДОЛОВ, Шымкент қаласы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button