Toyota миллиондаған көлігін кері қайтарып алады

5553450 Жаңалықтар

Atr.kz/23 қаңтар, 2020 жыл. Сатылған көліктердің электронды басқару блогында ақаудың бар екені анықталды. Осыған байланысты Toyota миллиондаған көлікті кері қайтармақ.

Әлем бойынша 3,4 миллион Toyota көлігі кері қайтарылады. Себебі қауіпсіздік жүйесінде ақау табылды, деп хабарлайды Reuters

Сатылған көліктердің электронды басқару блогында ақаудың бар екені анықталды. Соның салдарынан жол апаты кезінде қауіпсіздік жастықшасы ашылмай қалуы немесе кенеттен ашылып кетуі мүмкін. Осыған байланысты Toyota миллиондаған көлікті кері қайтармақ.

Мәселен, 2011-2019 жылдары шығарылған Corolla, 2011-2013 жылдары шыққан Matrix және 2013-2018 жылдары өндірілген Avalon мен Avalon Hybrid маркалы көліктер кері қайтарылады.

Тағы оқыңыз: 

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%a9tken-aptany%d2%a3-%d3%a9zinde-2-my%d2%a3nan-astam-k%d3%a9lik-armeniya%d2%93a-%d2%9bajtaryldy/

Айта кетсек, ақаулығы бар Toyota көліктерінің басым бөлігі АҚШ-та сатылған. Дилерлердің есебі бойынша олардың жалпы саны 2,9 миллионға жуық.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз