
Жаңалықтар
Жүргізуші куәлігін беру қызметі уақытша қолжетімсіз
Бүгін, 19 наурызда еліміздің барлық Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінде тіркелген кідірістерге байланысты “Жүргізуші куәлігін беру” қызметі уақытша қолжетімсіз. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Қазір уәкілетті орган жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде. Айта кетейік, теориялық және тәжірибелік емтиханды қабылдау алдын ала брондалған қызмет алушылар үшін штаттық режимде жүзеге асырылады.
–Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! Қызметтің қайта қолжетімді болғаны туралы қосымша хабарлаймыз, — делінген баспасөз қызметі хабарлады.
Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА
Сурет: egov.kz