Былтыр – 101 миллион жұмыртқа! Ал, биыл ше?

EAS 149 Жаңалықтар

Мұнайлы Атырауда құс еті мен жұмыртқа шығаратын ірі кәсіпорынның бірі ­– «Алмалы құс» серіктестігі. Мұнда  былтыр 101 миллион жұмыртқа мен 50 тоннадан астам  құс еті өндірілді.

ЕАС 149

Серіктестіктің басқарушы директоры Виктор Патцтың айтуынша, «Алмалы құстың» бұл өнімі облыстағы құс еті мен жұмыртқаны тұтыну  үлесінің 85 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазір серіктестіктегі  100-ге жуық  адам 370 мыңнан астам  құсқа күтім жасайды. Тәулігіне алты цехтан  360 мыңнан аса жұмыртқа жиналады.

– Өткен жылы  мемлекет тарапынан кәсіпорынға  93 миллион теңгенің субсидиясы  бөлінді. Ал, биыл жұмыртқа өндіретін жетінші цехты іске қосуды көздеп отырмыз. Бұл жұмыртқа өндірісін 105 миллион данаға жеткізуге мүмкіндік береді, -дейді басқарушы директор Виктор Патц.

ЕАС 115

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз