ЖҮРЕКке ЖҮК түспесін
Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Бүгінгі таңда барлық салаға өзгерістер енгізген коронавирус инфекциясы әсіресе, медицина мамандары үшін аса ауыр тигені жасырын емес. Қауіпті дертпен күресе жүріп, науқастарды оңалтуға барлық мүмкіндік, күш-жігерлерін жұмсап жүрген ақ халаттыларға алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Ел ішіндегі дертке шалдыққан жандардың күрт көбеюіне байланысты бірнеше аурухана бағытын згертуге мәжбүр болды. Солардың бірі – Атырау қаласындағы кардиоор талық. Бүгінгі таңда бұл медициналық мекемеде провизорлық бөлім жұмыс жасауда. Біз осынау ахуалға байланысты аталған орталық директорының орынбасары, облыстың бас кардиолог маманы Сандуғаш ЖҰМАҒАЛИЕВАМЕН сұхбаттастық.
– Сандуғаш Борисқызы, қазіргі таңда кардиоорталықтың жұмыс процесіне өзгерістер енді. Жалпы ахуал жайлы айтып өтсеңіз.
– Иə, біздің орталық бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бағытын өзгертті. Біз коронавирус инфекциясының белгілері бар немесе ауруы анықталған науқастарға барлық қажетті дəрігерлік көмек түрлерін көрсетіп келеміз. Өкпесі қабынған науқастар арасын-да жүрек-қан тамырлары патологиясы, қант диабетіне шалдыққан жəне инфаркт ауруын басынан өткергендер бар. Осындай қиын-қыстау шақта біздің орталықтың ұжымы түгелдей жұмыста.
Өз кезегімде үйлеріне бар-мастан, жұмыста жүрген, қолынан келетін барлық мүмкіндікті толықтай пайдаланып, дертпен бетпе-бет күресіп жүрген барша əріптестеріме алғыс айта-мын. Олар күніне 6 сағаттан ауысыммен жұмыс жасады. Отбасыларынан уақытша қол үзіп, арнайы бөлінген қонақ үйлерде тұрды.
– Егер науқастың жүрек-қан тамырлары секілді созылмалы ауруларына қоса коро-навирус инфекциясы анықталса, ағзасына қосымша күш түсетіні белгілі. Медициналық тұрғыда бұл ретте қандай қиындықтар туындай-тынына нақты тоқтала кетсеңіз.
– Коронавирус инфекция-сы анықталған кезде жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастар қауіпті топқа енеді. Бұл адамдар ауруды қиындау өткереді. Оларда қан қысымы жоғарылауы мүмкін. Сондай-ақ, қан тамырларында ірілі-ұсақты тромбоэмболиялар пайда болу қаупі жоғарылайды.
Бір сөзбен айтқанда, КВИ пайда болған сəтте ағзада қабыну процесі орын алып, жұқпаға қарсы жауап ретінде тромб-тар пайда болу механизмі іске қосылады. Көп жағдайда кардиологиялық ауруларға жасы 60-65-тен асқан адамдар жиі душар болады. Бұл жерде ең маңыздысы – дəрігердің ме-дикаментозды емдеуді дұрыс ұйымдастыруы. Олай дейтін себебім, кейбір дəрілік препа-раттар мен оның құрамындағы қосымшалар жүрек ритмін бұзып, өзге де асқынуларға соқтыруы ықтимал.
– Ал, жағдайдың керісінше болуы мүмкін бе? Яғни, бұрын жүрегі ауырмаған адам КВИ анықталған соң, жүрек-қан тамырлары сырқатына шалдыға ма?
– Иə, вирус тек қана аль-веолы, яғни, өкпені ғана зақымдап қоймайды. Ол бүкіл ағзаның жұмыс режиміне өзгерістер енгізіп, зақым келтіреді. Бауыр, бүйрек, жүрек бұлшық еттеріне де əсер етеді. Жүрек қан-тамырлары ауруларының даму көрсеткіші жоғарылайды. Аурудың ауыр түріне шалдыққан науқастардың көп жағдайда жүрек бұлшық еті зақымдалады.
Əрі қарай өткір кезең аяқталған соң процестің қалай боларын дəрігерлердің ешқайсысы да білмейді. Фиброз дамып, жүректің жалпы функция-сына əсері бола ма, жүрек соғысының ырғақсыздығы, яғни, аритмияны қоздыра ма? Ол белгісіз. Өйткені, ин-фекция зерттелмеген, жаңа. Емдеу тəжірибесі əзірге жоқ.
– Кардиоорталықтың қазіргі таңда КВИ-мен күреске жұмылдырылғаны белгілі. Ал, орталықта бұрыннан есепте тұрған науқастар қалай етпек? Яғни, мұнда вирусты ин-фекциясы жоқ науқастар да ем ала алады ма?
– Əрине, міндетті түрде. Жедел коронарлы синдром, миокард инфаркті, тұрақсыз стенокардия, жүрек ритмінің өзгеруі сынды белгілер байқалған науқастар же-дел түрде біздің ауруханаға жеткізіледі. Өйткені орталық – жүрек-қан тамырлары па-тологиясы бар сырқаттарды емдейтін облыс бойынша жалғыз мекеме. Жүрек ау-ырып, алғашқы белгілер байқалған сəтте-ақ жедел-жəрдемге дереу хабарласу керек, ауруға шыдап, уақыт оздырып алуға болмайды.
Ал, қазір КВИ дертіне шалдыққан науқастарды емдеуге күшіміз бен мүмкіндігіміздің басым бөлігін жұмсағанымызбен, бұрыннан қалыптасқан ал-горитмге сай өз саламыз бойынша ауруханаға түскен науқастарды да емдеу ісін жалғастырудамыз.
– Ал, сіз атағандай өткір аурушаңдық белгілері байқалмағанымен, со-зылмалы дерттері бар адамдар дəрігерлік кеңес алу үшін сіздерге хабарласа ала ма?
– Расында да, созылмалы дерттері бар науқастар аз емес. Олар ұдайы телефон шалып, «орталық қашан ашылады?» деп сұрайды. Біз мұндай сырқаттарды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша карди-олог маманның бақылауында ұстауы үшін жібереміз. Назардан тыс қалмауын қамтамасыз етеміз. Ал, кейін пандемия өткен соң, бұл науқастар біздің орталықта ем алатын болады.
– Дəрігер ретінде коронавирус дертіне қарсы тұру мақсатында өзіндік профилактикалық ша-раларды атай аласыз ба?
– Өзіндік шара жоқ, нақты нұсқаулықты орындау қажет. Жұқпалы ауруға шалдыққан адамнан алшақ жүру, 2 метр əлеуметтік ара қашықтықты сақтау, қолды жылы сумен, сабынмен мұқият жуу сияқты қарапайым қағидаттарды сақтағанның пайдасы зор. Жөтелген, түшкірген кез-де ауызды орамалмен жауып, шынтақ иілісіне жөтелу керек. Көз, мұрын, ауызға қолыңызды тигізбеңіз. Жиі қолыңыз тиетін жерлерді, есік, шкаф тұтқалары, жарық сөндіргіштерді дезинфекциялап, жиі тазалап тұрған жөн. Сонымен қатар, ең маңыздысы – оқшаулану. Қонақтық, көп адам жинала-тын жерлерге бармаңыздар. Қуанышты күндер əлі алда.
– Маман ретінде оқшауланып немесе үй карантинінде отырған жүрек-қан тамырлары ауруы бар науқастарға қандай ақыл-кеңестер айтар едіңіз?
– Бұл топтағы адамдар үшін ең басты талап – қатаң карантиндік талаптарды сақтау. Дəрігер тағайындаған дəрілерді уақытылы ішу. Айрықша айтарым, жүргізіліп жатқан ем-домды үзуге бол-майды. Статин, гипотензивті, несеп айдағыш препарат-тарды қабылдаған дұрыс. Егер маман кеңесіне жүгіну қажет болған жағдайда, де-реу өзі тіркелген емханамен байланысып, асқынуларды болдырмауға, алдын алуға ұмтылу қажет.
Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға орай дене қозғалысына байланысты те-желулер, артық салмақ қосып алу сынды факторларға ұрыну көрсеткіші көбейе түседі. Десек те, шағын пəтерде тұрсаңыз да, физикалық жаттығу түрлерін жасауға мейлінше мүмкіндіктерді қарастырған жөн. Олай етпесеңіз, болмайды. Өйткені, қолайлы жаттығулар аурудың асқынбай, ағзаның қалыпты тепе-теңдігін ұстауға септеседі.
Сонымен қатар, күнделікті тұтынатын тағамның құнарлылығына, калорияларға мəн берген жөн. Рационның күнделікті мөлшерін 30 пайызға төмендету керек. Тағы бір маңызды мəселе, таза ауамен тыныстаудың қажеттілігі. Отырған бөлме, кеңсені жиі желдетіп отыру керек. Таза ауа инфекцияның жұқпауына септеседі.
– Аурумен бетпе-бет кездесіп, нағыз ошағында жүрдіңіздер. Жұқтырып алудан қорықпадыңыздар ма?
– Əрине, қорқыныш бола-тыны сөзсіз. Менің ата-анам, қызым бар. Оларға «жұғып кете ме?» деген үрей басым. Орталық дəрігерлерінің ара-сында да аталған аурудан айығып, қайтадан қатарға қосылғандары аз емес. Десек те, науқастың өміріне жау-апты болып, дертпен күресу кезінде үрей-қорқыныш туралы еш ойланбастан, сырқатқа көмектесу қызметтік қана емес, азаматтық парызы-мыз екенін əркез жадымызда ұстаймыз. Өйткені, науқасты айықтыру – біздің басты міндетіміз.
– Қазіргі уақытта көптеген адам үйден емделіп немесе ауырғанын жергілікті емханаларына да айтпайтыны жасырын емес. Осы дұрыс па?
– Науқас неғұрлым дəрігер көмегіне тезірек жүгінсе, соғұрлым ауруынан айығуға мүмкіндігі мол. Қарапайым сияқты болып көрінген жөтел, бас ауыруы, дəм-иіс сезбей қалу секілді симптомдар ин-фекция жұқтырғаныңыздың алғашқы белгілері болуы мүмкін. Міндетті түрде жергілікті емханаға айтуы қажет. Дəрігер оны бақылауда ұстап, қадағалауы, тиісті дəрі-дəрмек тағайындауы тиіс. Сатурацияны өлшеу маңызды. Оны пульсо-метр арқылы анықтауға бо-лады, қазір бұл құрылғы көп адамдарға қолжетімді. Сатурация 93-тен жоғары бо-луы тиіс.
– Ал, егер қызу болса ше? Не істеуге болады?
– Қазіргі таңда аурудың ба-сты белгісі ретінде осы фактор қарастырылатындықтан, дене қызуы көтерілген адамның не істерін білмей, үрейленетіні жасырын емес. Біз ұдайы айтып келеміз, 38 градусқа дейінгі қызу көтерілген жағдайда сұйықтықты көбірек ішіп, жатып, тынығу, бір таблетка парацетамол қабылдау қажет.
Ал, егер қосымша тағы да белгілер байқалып, жүріп-тұру, тыныс алу қиындаған болса, шұғыл түрде стационарға хабарла-сып, жедел жəрдем шақыру қажет. Аса ауыр асқынулар пайда болуын күтпеу ке-рек. Дереу дəрігер көмегіне жүгіну қажет.
– Əңгімеңізге рахмет. Ауырмайық!
Сұхбаттасқан:
Гүлжан ƏМІРОВА