Жарнама
Жаңалықтар

Жұмыстан босағандар жұмыссыз қалмайды

Биылғы 11 айда Махамбет ауданындағы халықты жұмыспен қамту орталығына келген 1633 адамның 753-і тұрақты жұмыспен қамтылды.

Ауданда жұмыссыздарды жедел жұмысқа орналастыру мақсатында жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ал, «2021- 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» ұлттық жоба шеңберінде 745 адам еңбекке араласты. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Махамбет аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ажар Қабдолова айтып берді.

– 1-ші қарашадағы есеп бойынша, Теңіз кен орнынан 291 адам жұмыстан босады. Оның 253-і халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, 116 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның ішінде қысқа мерзімді курста білімін жетілдіріп, қайтарымсыз грант алғандар да бар. Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС-нен босатылған жандарды жұмыспен қамту жұмыстары жүруде, — деді бөлім басшысы.

Аудан бойынша кəсіпкерлікті дамыту бағытында мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсетіліп отыр. Атап айтқанда, І топ мүгедегі Қайдарбек Құрмашев аз қамтылған отбасыларға арналған «Мейірім» əлеуметтік киімдер дүкенін ашқан. Сондай-ақ, «Ержүректілер» спорт клубына Есбол, Жалғансай ауылдарынан клубтың филиалын ашу үшін мəдениет үйлерінен бөлме берілді. Ал, І топ мүгедегі Бауыржан Жолдасов көлік жөндеу орталығын ашып, халыққа қызмет көрсетіп отыр.

Кəсібін нəсіп еткендердің қатарында Алмагүл Фазылова, Айна Жайсаңбаева, Жəния Шауменова да бар. Олар көрпе-көпшік жасап, киім тігуді кəсібіне айналдырған шеберлер. Осылайша, жұмыспен қамту бағдарламалары əр тұрғынға жағдай жасай отырып, оларға табысын арттыруға мүмкіндік береді.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button