Атырау-Индер тасжолында қызанаққа толы жүк көлігі аударылды

c870f2fa 6135 43e9 b720 bce2f5eddf15 750x338 1 Жаңалықтар


Оқиға бүгін сағат 09:00 шамасында болған.

Атырау облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес Атырау-Индер тасжолында Volvo маркалы жүк көлігінің 1990 жылы туған жүргізушісі басқару жүйесін игере алмай көлік құралы аударылған.

Жүк көлігі Түркменстан елінен Ресей еліне қызанақ өнімін тасымалдау үшін жолға шыққаны белгілі болды. Көлік Маңғыстау облысының тұрғынына тиесілі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз