Әскери құрмет: Атырауда облыс әкімі соғыс ардагерлерін шаңырақтарына барып құттықтады (+ВИДЕО)

1 20 Жаңалықтар

Аtr.kz/9 мамыр, 2020 жыл. Атырау облысының әкімі Махамбет Досұхамбетов Ұлы Отан соғысы ардагерлерін Жеңістің 75-жылдық мерейтойымен қариялардың өз аулаларында құттықтады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досұхамбетов пен қала әкімі Қайрат Оразбаев Ұлы Отан соғысы  ардагерлері Айдын Айбаров, Әлібек Түсіпәлиев пен Орынғали Қарасаевты Жеңіс күнімен құттықтады.

Бүгінгі мерекенің маңызын атап өткен өңір басшысы оларға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын табыстады. Қариялар аулаға шыққан кезде оларды арнайы оркестр Ұлы Отан соғысы жылдары шыққан әндермен қарсы алды.   


Сондай-ақ бүгін аймақ басшының тапсырмасымен облыс және қала әкімдерінің орынбасарлары мен аудан әкімдері Ұлы Отан соғысының куәгерлерін арнайы құттықтап, мемлекет басшысының құттықтау хатын тапсырды. 
Атырау облысы бойынша, Ұлы Отан Соғысының 8 ардагері бар. Жетеуі — Атырау қаласында, біреуі — Жылыой ауданында тұрады. Олардың әрқайсысына миллион теңгеден бір реттік көмек берілген болатын.

Сонымен қатар, облыс бойынша наградатталған 62 тыл ардегеріне 100 мың теңгеден берілсе, наградталмаған 2212 тыл ардагерінің әрқайсысына 30 мың теңгеден берілуде. Айта кетейік, Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қаржылай қолдау үшін облыс бюджетінен 81 миллион теңге бөлінді.

Сондай ақ бұл күні Атырау гарнизонының әскерилері барлық ардагерлерді шаңырақтарына барып құттықтап, құрмет көрсетті.

Еске сала кетелік, әлем тарихына ең қанқұйлы соғыс деген атаумен енген екінші дүниежүзілік соғыс 1418 күнге созылды. Жан алысып, жан беріскен майдан алаңына Қазақ КСР-нан 1,2 миллионнан астам сарбаз барған.

Шайқасқа аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралған жоқ. Ерліктері үшін 499 қазақстандық марапатталса, олардың ішінде 99-ы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы атағын алды.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-zhenistin-75-zhyldygyna-oraj-tagzym-alleяsy-ashyldy-foto/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз