Жарнама
Жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтары жылы: 150 жас жылыжайдағы агротехнологияларды тамашалады

Атырауда жұмысшы мамандықтары жылы аясында мектеп оқушылары мен колледж студенттері өңірдегі көкөніс өнімдерін өндіруші «Отбасы» шаруа қожалығына экскурсия жасап, өндіріс барысымен танысты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

img 2202

Іс-шараға 150-ге жуық жас қатысты. Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибелік экскурсиялар жастардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға және өңірдегі жұмысшы мамандықтарының маңызын көрсетуге бағытталған.

img 2199

-Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, білім беру басқармаларымен бірлесіп, бүгінгі шараны ұйымдастырып отырмыз. Оқушылар мен студенттер қияр, қызанақ секілді көкөністердің қалай өсіріліп, жиналатынын өз көздерімен көрді. Сонымен қатар жылыжайда қолданылатын заманауи әдістер мен агротехнологиялар туралы толық мағлұмат алды. Бұл тәжірибе олардың ауыл шаруашылығына деген қызығушылығын арттырып, еңбек дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, — деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім басшысы Ризабек Мұсағалиев.

Айта кетейік, «Отбасы» шаруа қожалығында көкөністер егілгеніне бір ай болды. Қызанақ пен қияр 1 гектар жерге отырғызылған.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button